Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидромет" РМК дерегінше, 29 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты шығыста және орталықта қатты жаңбыр жауып, солтүстікте және орталық өңірлерде жаңбыр қарға ауысуы ықтимал.
Оңтүстікте және шығыста найзағай ойнап, шығыста бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Үсік күтіледі:
– Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында;
– Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде;
– Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде;
– Ақтөбе және Павлодар облыстарының солтүстігінде түнде 3°С аяз күтіледі.
Төтенше өрт қаупі:
– Түркістан және Қызылорда облыстарында;
– Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында;
– Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және орталығында;
– Батыс Қазақстан облысының шығысында;
– Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы және орталығында;
– Алматы облысының солтүстігінде;
– Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде;
– Ұлытау облысында.
"Қазгидромет" азаматтарды ауа райының қолайсыз жағдайларында сақтық шараларын ұстануға шақырады.