Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына - 151 жыл. Осыған орай, Dauletten.kz дайындаған сіз біле бермейтін 10 дерекке назар аударыңыз.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келеді.
1. Ахмет өмірге келгенде атын азан шақырып қойған атасы – Шошақ.
2. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі.
3. 10 жылдай Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыдағы орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, ал Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
4. А.Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылдан басталады.
5. 14500 адам қол қойған Қарқаралы арызы авторларының бірі А.Байтұрсынұлы болды. Қақаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелерін көтерді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды тоқтату талап етілді.
6. Сол үшін А.Байтұрсынұлы 1909 жылы тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылады.
7. 1910 жылы А.Байтұрсынұлы Орынборға жер аударылады. Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарады. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. А.Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазақ» газетіне жабылған негізсіз жала салдарынан тағы да абақтыға отырып шығады. Ол «Қазақ газеті» арқылы Қазақ съездері мен Қазақ комитеттеріне саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
8. А.Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған топтың құрамында болды. Ол Алаш Орда құрамындағы Оқу-ағарту комиссиясының төрағасы болып бекітілді.
9. 1919 жылы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
10. 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметтің Қазақстанды басқару ісін қатал сынға алған хатын жолдады. Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.