Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Республика бойынша медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі 80 пайыз құрағанымен, олардың тозу көрсеткіші жоғарғы деңгейде қалып отыр. Денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің 80 мыңнан астамы дәрігерлер болуына қарамастан, олардың тапшылығы азаймай отыр. Оның ішінде терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог дәрігерлерінің тапшылығы байқалады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, мұның барлығы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жоспарлау кезіндегі кемшіліктердің болуын дәлелдейді және кезекті мынадай іс-шаралар жүргізуді қажет етеді:
- стационарлық көмекті тұтынудың жас шамасы нормативтерін енгізу және институционалдық базаны жетілдіру;
- инфрақұрылым нысандарын заманауи жабдықтармен және технологиялармен жарақтандыру жүйесін жетілдіру;
- жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсететін әлеуметтік қолдау шараларын бірыңғайландыруды, денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын ескере отырып, кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді болжау жүйесін жетілдіру.
«Инфрақұрылымды жоспарлау процесі демографиялық және халықтың аурушаңдық көрсеткіштеріне ұзақ мерзімді болжамдарына негізделеді. Осы іс-шараларды тиімді іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, қолданыстағы ақпараттық жүйе базасында денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленеді. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымды оңтайлы жоспарлауды, мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді», - деді ол.