Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте халықты алдаған
Жаңалықтар

Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте халықты алдаған "Айс Мұратова" деген алаяқ туралы айтты

08.11.2023
1 мин
0
2334

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев тұрғындардан 30 миллиард теңге жинап, алдап кеткен алаяқ туралы айтты.

Депутаттық сауал Бас прокурор Берік Асыловқа жолданды. Дәулет Мұқаевтың айтуынша, Қазақстанда интернет алаяқтықпен айналысатын адамдардың саны азаяр емес.

"Былтыр 20 444 дерек тіркеліп, 16,5 млрд теңгеге залал келген. Биыл 15 мыңға жуық дерек тіркеліп, залал сомасы 11 млрд теңгеден асты. Олардың құрбаны – көбінесе үйде отырған аналар мен қыз-келіншектер. Интернет алаяқтықтың түр-түрі бар.

Соңғы уақытта "Байер" арқылы адамдарды алдау шықты. Осылайша, "Байер" деген атаумен Қытай, Түркия, АҚШ-тан арнайы арзан тауар жеткізушілер көбейді. Бірі елімізде тіркеліп, заңды жұмыс істесе, енді бірі толығымен халықты алдап жүр", - деді Дәулет Мұқаев.

Депутат қазақстандықтарың ақшасын жинап, сан соқтырған алаяқтың атын айтты.

"Қазір байытамын деген байерлерге барын берген қара халықтың базынасын да жиі естіп жүрміз. Солардың бірі – елде лақап атпен танымал Айс Мұратова. Оның шын аты – Арайлым.

Соңғы 2 жылда ол халықтың сеніміне кіріп, сауда жасап, өзін жақсы жағынан жарнамалаған. Оның ішінде Қытайдан арзан тауарлар, ыдыс-аяқ жіберемін деген әлеуметтік желі арқылы өзін ірі кәсіпкер ретінде көрсетіп, қол астымда заңды жұмысшыларым бар деп елді сендіріп келген. Төлемдерді ешқандай келісімшартсыз яғни карталық шотқа перевод арқылы жіберуді сұраған", - деді ол.

Дәулет Мұқаев бүгінде адамдар ақшасын қайтара алмай жүргенін жеткізді.

"Рас, басында аз-маз ақшаға қажет тауарларды жіберіп, кейін ірі сомаға жеткенде барлық салымшыны бір күнде алдап кеткен. Содан бері не тауар, не ақша қайтарылмаған. Желідегі ақпарат бойынша еліміздің әр өңіріндегі 5 мыңнан аса адамнан жалпы сомасы 30 млрд теңге жинап алып, барлығын алдап кеткен.

Енді сауда жасап күн көрмекші болған азаматтар "Тауар да жоқ. Ақшамызды да қайтармады. Арыз жазып шағымдансақ та бірнеше айдан бері еш нәтиже шықпады" дейді. Алданғандар арасында абысындармен жиналып, үйіне әдемі ыдыс алғысы келгендер де тіпті ірі кәсіпкерлер ретінде тіркелген саудагерлер де бар", - деді депутат.

Сөз соңында Бас прокурордан көмек сұрады.

"Құрметті Берік Ноғайұлы, бұл мәселе күннен күнге ушығып барады. Алданған отбасылардың жағдайы ауыр. Қаншама шаңырақ шайқалуға жақын. Бұл схема таза қаржы пирамидасына ұқсайды.

Мен әкелген папкада аударылған ақша қатысты барлық мәлімет бар. Сенесіздер ме? Мұндай 3 пакет папка бар. Сондағы (ақшаны) санаса, 30 млрд теңгеден асады. Бұл – оншақты мектеп салатын ақша. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелерді ескеріп, тергеуді әділ жүргізіп, іске қатысы бар барлық адамға тиісті жаза қолдану керек. Себебі, алданған адамдар тергеудің әділетті өтетініне сенбей, жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Сондықтан бұл мәселені өзіңіздің жеке бақылауыңызға алуды сұраймын", - деді Дәулет Мұқаев.

 

Пара, жемқорлық оқиғалары басыңыздан өтті ме?
43 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Таныстарымның басынан өтті 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл