Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 – 516 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 10 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 530,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 529,5 — 534,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал елорда бойынша долларды сату бағамы — 510 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19 - 5,30 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 511,01 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.