| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеді. Орташа өлшенген курс 0,74 теңгеге арзандап, 489,30 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен ресми бағам – 489,99 теңге, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 490,50 теңгеден сатып алынып, 492,70 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 579,35–583,76 теңге аралығында болса, рубль 6,37–6,47 теңге шамасында. Қытай юані 69,58 теңгеден қабылданып, 72,75 теңгеден ұсынылуда.
Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллар 488,00 теңгеден сатып алынып, 495,00 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағасы – 575,00 теңге, сату бағасы – 585,00 теңге. Рубль 6,30–6,60 теңге аралығында айырбасталса, юань 71,38 теңгеден сатып алынып, 75,66 теңгеден сатылып жатыр.