| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
eGov.kz. порталында жеке кабинетке кіруді жеңілдететін жаңа тәсіл енгізілді, - дее хабарлайды Dauletten.kz.
eGov.kz порталында енді жүйеге кірудің үш ыңғайлы тәсілі бар:
- eGov QR – мобильді қосымша арқылы QR-код сканерлеу;
- ЭЦҚ арқылы кіру – SMS-кодпен растау;
- Логин және пароль – ЖСН мен пароль енгізіледі, кейін ЭЦҚ арқылы растау жүзеге асады.
eGov QR әдісі мобильді қосымшаны жиі пайдаланатындарға ең жылдам шешім.
Логин–пароль тәсілі байланыс нашар немесе SMS кешігіп келетін аймақтар үшін тиімді, сонымен қатар парольді қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған.
Жүйе деректерді автоматты түрде анықтап, ЭЦҚ растауынан кейін жеке кабинетке қауіпсіз кіруді қамтамасыз етеді.