Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде жарты жылда 313,4 млрд теңгеге автокөлік сатып алынды
Жаңалықтар

Елімізде жарты жылда 313,4 млрд теңгеге автокөлік сатып алынды

14.07.2020
1 мин
0
1144

Осы жылы алты айдың ішінде қазақстандықтар 313,4 млрд теңгеге 35 мыңнан астам жаңа автокөлік сатып алды.

 «ҚазАвтоӨнеркәсіп» мәліметінше, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы статистикамен салыстырғанда 13,8 пайызға жоғары.

Азаматтар 313,4 млрд теңгені жаңа көлік сатып алуға жұмсаған. Бұл 2019 жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 8,1 пайызға артық. Осы жылдың тек маусым айында ғана 83,4 млрд теңгеге 9 677 жаңа көлік сатылды. Осылайша өткен айда мамырмен салыстырғанда көлік нарығындағы сауда 35,8 пайызға ұлғайған.

Қазақстандықтар 6 айда еліміздің автозауыттарында құрастырылған 24 314 көлікті сатып алды. Ал сатылған 10 772 автомобиль импорт еншісінде.

Көлік сатып алуда Алматы қаласының тұрғындары белсенді. Олар 6 айда 8 578, елордалықтар 5 912, шымкенттіктер 3 414, қостанайлықтар 2 318, қарағандылықтар 2 162, атыраулықтар 1 751, өскемендіктер 1 667, оралдықтар 1 550, павлодарлықтар 1 501 және ақтаулықтар 1 340 автомобиль сатып алған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл