Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында 25 желтоқсаннан бастап 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерге 24 сағат жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қала әкімі мереке күндері ұзақ кезек пен нысандарға келушілер санын ескеріп дүкендердің жұмыс уақытын ұлғайтуды тапсырды.
«Мереке күндеріне орай адам саны көбейеді. Сол себепті аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейді. Келушілер саны 30%-тен аспай, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жұмыс істеуі керек», - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.