Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді
Жаңалықтар

Елордаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді

22.02.2021
1 мин
0
714

Ресейлік "Спутник-V" вакцинасы елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. Екі компоненттің сыртқы бейнесі түс айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі  - көк, екінші компонент қызыл түсті. Бір флакон 5 адамға екпе салдыруға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Келіп түскен жаңа дозалар бірінші кезеңде вакцинациялау үшін белгіленген қалалық емханаларға тапсырылды. Ауруханалардың медициналық қызметкерлерін, жедел-жәрдем бригадаларының фельдшерлерін, сүзгі кабинетінің қызметкерлерін және өзгелерін вакцинациялау ары қарай жалғасады.

Тиісті екінші екпесін 21 күннен кейін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та алды. Емшара бөлмесінің қызметкерлері басқарма басшысының жағдайын сұраған кезде денсаулығы ойдағыдай екенін жеткізді.

"Кішкене әлсіздік байқалды. Бірақ вакцинадан кейінгі мүмкін болатын әсерлерден хабардар едім. Коронавирус жұқтырып, ауырып қалу қорқыныш сезімі оған қарсы екпе алудан әлдеқайда жоғары", - деп атап өтті Т. Мұратов.

Жалпы елорда бойынша вакцинациялау басталғалы бері 2008 адам екпе алды. Жоспарда 5 700 адамға екпе салдырту бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл