Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ермұрат Бaпи: Бір отбасы бірнеше банкті толығымен «жұтып қойды»
Жаңалықтар

Ермұрат Бaпи: Бір отбасы бірнеше банкті толығымен «жұтып қойды»

15.05.2023
1 мин
0
1145

ҚР Парламентінің жалпы отырысында мәжілісмен Ермұрат Бапи Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовқа сауал жолдады. Бәпидің айтуынша, бірнеше банк бір отбасының қолында, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«2017 жылдан бері тағы да мүдделі кланның команда беруімен банкілердің бірін екіншісіне қосуға арналған көптеген трансакциялар жасалып, нәтижесінде бір отбасы бірнеше банкті толығымен «жұтып қойды». Бұның ақыры экс-президенттің қоры мен «Жусан банкке» байланысты әлемдік шырғалаңмен аяқталды. Дәлірек айтқанда, бұл скандал әлі біткен жоқ, ел азаматтары мен Мәжіліс депутаттары болашақта бұл афераның анық-қанығын анықтауы тиіс»,- деді ол.

Ермұрат Бапи «Халық банктің» түсініксіз әрекеттерін де ашып айтты.

«Бұл жағдайды тәптіштеп айтып отырған себебім – Ұлттық қордан миллиардтаған доллар көмек алған банктер халықтың қарызын қайтармай тұрып, неге дивиденд төлейді? Мәселен, алдағы маусым айында «Халық банкі» өз акционерлеріне  дивиденд ретінде жарты миллиард долларға жуық ақша төлемек»,- деді депутат.

Фото: orda.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл