Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Ермұрат Бәпи Бас прокурор мен Алматы облысы әкіміне сауал жолдады. Оның сөзінше, Назарбаевтан қалған жемқорлар қарапайым халықты қанап жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Біз – депутаттар мына жақта ақтер-көктер болып, Қазақстан халқынан ұрланған, талан-таражға түскен активтерді елге қайтаруға қатысты заңды қабылдап жүргенде, Алматы жақта «ескі» Қазақстанның Назарбаевтан қалған жебірлері мен жемқорлары қарапайым халықты қанауды жалғастырып жатыр. Нақтылап айтқанда, назарбаевтар әулетінің өкілдері – Нұрбол Болатұлы Назарбаев, Қайрат Сатыпалды мен Ахметжан Есімовтің нөкерлері және Қаңтар «Қаңтар генералы» Серік Күдебаев Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты бұрынғы «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алған», - деді ол.