Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгіннен бастап 2006 жылы шыққан 500 теңге үлгісі айналымнан шығады, деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық Банк баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Байтеректі бейнелеген теңгелерді енді автоматтар да қабылдамайтын болады. Ескі банкноттарды ауыстырмай жұмсаса, әкімшілік құқық бұзу болып саналады. Бірақ айналымнан шыққан теңгені екінші деңгейдегі банктер ертеңгі күннен бастап 12 ай ішінде, ал Ұлттық банк филиалдары екінші деңгейлі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды.
Енді ескі үлгідегі 500 теңгені банктер арқылы 2017 жылы шыққан үлгіге ауыстыра аласыз. Айналымға 2017 жылы шыққан жаңа үлгідегі 500 теңге үлгісі төлемдердің барлық түрлері үшін жарамды, яғни айналымда қала береді.