Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде алаяқтықтардың құрбаны болған адамдар көп. Олардың басты себебі, азаматтардың циярлық сауаттылығының өте төмен болуында. Негізінен, алаяқтардың құрбаны - үлкен жастағы қариялар мен сауаты төмен адамдар.
Ал, осындай интернет алаяқтықтардан қалай сақтанамыз?
Бұл туралы маман төмендегідей кеңестерді ұсынады.
"Алдымен ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына құлақ түрмеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейтінін есте сақтаңыздар!
Сондай-ақ, осындай алаяқтар хабарласқан жағдайда ресми өкілдіктерден сұрау жүргізіп, хабарласқан нөмірдің қызметкерлер базасында тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.
Интернет алаяқтықпен айналысқан адам Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес 4 жылға дейін, ал қылмыстық топ құрамы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Орталық басшысының сөзінше киберқылмыстың бір түрі саналатын бұл қылмыспен көбінесе шетелдік азаматтар айналысады. Сол себепті, ондай қылмыстарды ашу үшін ұзақ уақыт керек.