Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Каспий итбалығының қырылу себебі зерттелді
Жаңалықтар

Каспий итбалығының қырылу себебі зерттелді

29.06.2022
1 мин
0
1526

Маусымның бірінші онкүндігінде итбалықтардың ұшалары табылған жерлерден тексеру нәтижесі алынды. Ал 24 маусым күні талқылау нәтижесі бойынша итбалықтардың неден қырылғанына қорытынды дайындалды.

Осы қорытындыға сай табылған ұшалардың қатты ыдырауына байланысты, өлімнің нақты себептерін анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар ғалымдар мен құзыретті мемлекеттік органдардың пікірінше, жаңа туған күшіктердің мұз үстінде ашық теңізге шығару салдарынан олардың әлсізденуі, күшіктердің суға түсуі салдарынан қатып қалуы, ересек итбалықтардың балық аулау торларына түсуі, сонымен қатар олардың кемелердің бұрандаларына түсуі өлуінің ықтимал себептері болуы мүмкін, – делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.

 

Ғылыми ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері Каспий теңізінде жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстары табылған итбалықтардың қырылуына тікелей әсер етпейді және олардың қаза болуының ықтимал себебі ретінде қарастырыла алмайды деген ортақ пікірге келді.

Министрліктің хабарлауынша, қорытындыны дайындауға Гидробиология және экология институтының, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС ғылыми қызметкерлері, сонымен бірге Балық шаруашылығы комитеті, Маңғыстау облысының экология департаменті және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің құзыретті мемлекеттік органдарының өкілдері қатысқан.

 

Каспий итбалығы трансшекаралық су жануарлары болғанына байланысты, 2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында Қазақстан мен Ресей Экология министрліктері арасында каспий итбалығының популяциясын сақтау жөніндегі 2021-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

2020 жылдан бастап Каспий итбалығы Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілді (ҚР Қызыл кітабы) және ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу 3000 АЕК дейін айыппұл салуға немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеумен жазаланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл