Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Көктайғақ, боран" - ТЖМ ескерту жариялады

11.11.2022
2 мин
0
1264

2022 жылғы 11 қараша сағат 21-ден 14 қараша сағат 21-ге дейін дауылды ескерту жариялады, деп хабарлаады ТЖМ баспасөз қызметі. 

3-14 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, батыста, облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Боран, көктайғақ. 13 қараша облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс, батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 м / с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.

13-14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, 14 қарашада солтүстікте, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13 қарашада облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

13-14 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада күндіз, 14 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

14-15 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 14 қарашада, 15 қарашаға қараған түні солтүстікте кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.

14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс бағытындағы жел 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста жел оңтүстік-батыс бағытында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 14 күні таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл