Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коронавирустан қорғану үшін алтын маска сатып алды
Жаңалықтар

Коронавирустан қорғану үшін алтын маска сатып алды

05.07.2020
1 мин
0
1440

Үндістанда ер адам коронавирустан қорғану үшін 4 мың долларға алтын маска сатып алды, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Үндістандағы Махараштра штатының тұрғыны күміс бетперде киген адамды көргеннен кейін, алтын маскаға арнайы тапсырыс берген.

Бетперденің салмағы 2,5 келіге жуық, бағасы – шамамен 3 870 доллар (1,5 миллион теңгеден асады).

Сондай-ақ, алтыннан жасалған маскада тыныс алуға арналған саңылауы бар.  

"Оның тиімділігіне қатысты айтар болсам... Вирустан сақтану үшін бетперденің өзі жеткіліксіз екенін білеміз, ара қашықтық та маңызды. Сол себепті мен алтын маскамен көшеге шыққанда, әлеуметтік қашықтықты да сақтап жүремін", -деді Кураде.

Айтуынша, алтын бетперде жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің назарын аударған.

"Сыртқа алтын маскамен шыққанымда, бәрі маған таңқалып қарады. Бірақ бұл өңірдің халқы отбасымның алтынға әуестігін баяғыдан біледі. Алтын маска — мүлде жаңа дүние, сол себепті жұрттың қызығушылығын тудырды", - деді ер адам.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 648 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 400 мыңға жуығы жазылып шықты, 18 мыңы қайтыс болды.

 


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл