Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Жаңалықтар

Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді

11.06.2020
2 мин
0
906

Премьер-министрі Асқар Мамин көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Ол автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады үкімет басшысының сайты.

Отырыста жолаушылар вагондарын шығару, теміржол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы қазақстандық темір жол транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.

"Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, Еуразиялық экономикалық одақта көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және тағы басқа мәселелер бойынша шаралар кешенін қарастырды.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл