Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauletten.kz сайты Атырау облысының жастары үшін MediaEDUCATION жобасы аясында JAS MEDIA мектебіне өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды
Жобаның басты мақсаты - жастар арасындағы медиа сауаттылықты арттыру, цифрлық дағдыларды дамыту және әлеуметтік желілерде қоғамдық пікір қалыптастыратын көшбасшыларды даярлау және анықтау.
Жоба Атырау облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "Алматы студенттер Альянсы" КҚ ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр. Қатысушылар камерада жұмыс істеу, шешендік өнер, копирайтинг және мобилография бағыттары бойынша білім алады.
Өтінім 15 қазанға дейін QR кодты сканерлеу арқылы қабылданады. Сайысқа 14-35 жас аралығындағы Атырау облысының жастары өтінім бере алады. Жобаға іріктелініп алынған 30 қатысушы медиа бағытында қысқа мерзімді курстарға қатысады.
Оқыту курстары соңында қатысушыларға оқығандығын растайтын сертификат табыстылады.