Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Заң бойынша жұмыс берушілер медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жалдамалы қызметкер жалақысының 2%-ін аударса, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар және шаруа қожалығының иелері медициналық сақтандыру үшін ай сайын 2 975 теңге төлейді. Ал дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 2 125 теңгені құрайтыны белгілі.
Осыған орай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиевадан сақтандыру аясында қандай қызметтерді тегін алуға болатыны, қандай медициналық көмек түрлері сақтандыруға қарамастан ақылы екені және медициналық сақтандырудың қаржылық тұрғыдан тиімділігі турасында сұрап білдік.
2) Стационарды (ауруханаға жатып емделу) алмастыратын жағдайлардағы медициналық көмек, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.
3) Стационарлық жағдайлардағы медициналық көмек.
4) Медициналық оңалту.
5) Патологиялық-анатомиялық диагностика.
6) Донорды қайтыс болғаннан кейін дайындау.
7) Емдеу кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, препараттармен қамтамасыз ету.
Жалпы, медициналық көмек пакеті екіге бөлінеді: кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Аталған екі пакетте де бірдей медициналық қызметтер бар.
Кепілдендірілген медициналық көмек тегін жүзеге асырылатын минималды пакет болып саналады. Оның көлемі Қазақстанның Денсаулық сақтау кодексінде айқындалған. Ол минималды пакет болғандықтан, онда ең қажетті, бастапқы медициналық қызметтер қарастырылған. Бірақ тек бастапқы емес, барлық медициналық қызмет түрлері қарастырылған деп те айтуға болады. Неге десеңіз, тегін түрде көрсетілген қызметтердің бірі – жедел жәрдем көмегі. Егер жедел жәрдемге жүгінген науқасқа қандай да бір медициналық қызмет шұғыл түрде қажет болса, оған сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көмек көрсетіледі. Ол қымбат, жоғары технологияларды қажет ететін ота да болуы мүмкін.
Кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде жедел көмектен басқа әлеуметтік маңызы бар, сирек кездесетін, динамикалық бақылауда тұратын аурулары бар науқастарға да тегін қызмет көрсетіледі. Динамикалық бақылауда тұратын аурулардың дәрі-дәрмегі де тегін. Сондай-ақ кепілдендірілген медициналық көмекке вакцинация да жатады.
Ал сақтандыру жүйесінде – жоспарлы түрде алатын медициналық қызметтер. Яғни жедел емес, жоспарлы түрде бір жері ауырып, сырқаттанып қалған азамат дәрігерге бүгін емес, бүрсігүні барайын деген сияқты шешімге келіп, тіркеу орнына хабарласып, тіркеліп, өз кезегімен мамандардың қызметіне жүгінуге мүмкіндік алады. Учаскелік дәрігер, педиатр және жалпы практикалық дәрігердің үшеуі де кепілдендірілген, тегін көмектің көлемінде қызмет көрсетеді. Ал терапевттің емес, гинеколог, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, отоларинголог сияқты басқа мамандарға жүгіну үшін бізге сақтандырылған мәртебе қажет. Сақтандырылған соң өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге барып, сырқатыңызға сай қажет маманға жолдама алып, емделе бересіз.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеру тәсілдері:
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру