Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттік жәрдемақы қыркүйектен бастап көбейеді
Жаңалықтар

Мемлекеттік жәрдемақы қыркүйектен бастап көбейеді

29.03.2023
1 мин
2
2923

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше санат бойынша мемлекеттік жәрдемақыны қыркүйектен бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы sputnik.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет, - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар.

Айта кетері, бұған дейін сенат қабылдаған Әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысын 14,5%-ке көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Олар:

- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;

- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;

- саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар;

- ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.

Фото: matritca.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
С
Сауле 29.03.2023
Жаксы екен
Жауап беру
А
Айнаш 29.03.2023
Келисем кобейту керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл