Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Несие туралы шындық: проценті, мерзімі, сомасы мен өтеу жолы
Қаржылық сауат

Несие туралы шындық: проценті, мерзімі, сомасы мен өтеу жолы

30.11.2020
1 мин
114
24773

Қараша айында Dauletten.kz сайты оқырман арасында несие туралы сауалнама жүргізді. Оған бүгінге дейін 30 мыңға жуық адам қатысып үлгерді. Сайтқа аталған сауалнаманың бірнеше сұрағының жауаптарын талдай отыра жазылған «Несие туралы шындық: адамдар несиені не үшін алады?» тақырыбындағы материал жарияланған болатын. Ал бүгін сауалнаманың қалған сұрақтарының жауаптарына сүйене отырып, несие проценті мен мерзімі, сомасы мен өтеу жолын талдауды жөн көрдік.

Кесте бойынша сауалнама қатысушыларының 34%-і несиеге айына 50 мың теңгеге дейін жұмсаса, тағы 34%-і 100 мың теңгеге дейінгі қаражатын несие жабуға құятынын көруге болады. Ал қалған 32%-ті несиеге айына 150 мың теңгеге дейін және 150 мыңнан жоғары ақша төлейтіндер өзара бөліскен.

Әркімнің жалақысы мен жағдайы әртүрлі болғандықтан, бұл көрсеткіштерді көп не аз деу қиын. Алайда қаржы мамандарының айтуынша, несие алмас бұрын кірісіңіздің қандай бөлігін банкке бере алатыныңызды анықтап алу керек. Негізінен несиеге төленетін ай сайынғы қаражат барлық қажет төлемдерді төлегеннен кейінгі кірістің 30-40 %-тінен аспау керек.  

Сауалнаманың несиенің процентіне байланысты статистикасы қатысушылардың 43 %-і қанша процентпен несие алғанынан хабарсыз екенін көрсетіп тұр. Бұл – несие алушылардың басым көпшілігінің қаржылық сауатсыздығының белгісі.

Жалпы, пайыздар, комиссиялар мен сақтандыру – банктің сізге өз ақшасын пайдалануға бере тұрғаны үшін алатын төлемі. Басқаша айтқанда, несие бойынша артық төлем.

Кейде несие алатын банкті несие процентіне ғана қарап таңдау тиімсіз. Сондықтан мұқият назар аудару керек ең маңызды көрсеткіш – артық төлем. Оны өздігінен есептеудің қажеті жоқ, банктен төлемдердің болжамды кестесін сұрау жеткілікті. Себебі кесте бойынша артық төлем сомасын шығару оңай. Алдымен барлық төлемді есептеп, одан алынған немесе алынатын несие сомасын азайту керек.

Есіңізде болсын, несие алу кезіндегі нақты төлем кестесі алдын ала кеңес беру кезіндегі кестеден өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан несие шартына қол қоймас бұрын төлемдердің соңғы кестесін бастапқы кестемен де, басқа банктердің ұсыныстарымен де салыстырып көрген дұрыс. Егер несие шарттары мен төлем кестесі бастапқы нұсқадан өзгеше болса, тұрып, кетіп қалудан тайынбаңыз. Сондай-ақ әдетте банктің қарыз алушыға қоятын талаптары неғұрлым аз болса, артық төлемі соғұрлым көп болатынын да ескеріңіз.

Қаржылық сауатты болып, банк қызметкеріне несие шарттары бойынша көп сұрақ қоя алсаңыз (пайыздық мөлшерлеме, комиссиялар, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі және ол үшін төлем, төлем әдістері), өзіңізді алдауға жол бермейтініңіз анық.

Сауалнама нәтижесі бойынша оған қатысушылардың 85%-і несиені қысқа мерзімге алса, 9%-і  5-7 жыл аралығын таңдаған екен. Ал қалған 6%-і 7 мен 10, 10 мен 15 және 15 жылдан жоғары аралықтарға тиесілі.

Несие алуда қарыз алу мерзімінің де өзіндік орны бар. Өйткені кейде ұзартылған төлемдер қарыз алушы үшін тым қымбатқа шығуы мүмкін.  

Экономика ғылымдарының кандидаты Юрий Юденков жылжымайтын мүлікке несиені 15 жылдан асырмау керегін айтады. Өйткені 15 жылдан асса, артық төлем әлдеқайда артатын көрінеді. Сондай-ақ маман көлікке үш жылдан артық несие алудың қажеті жоқ деп есептейді. Себебі бес жылдан соң көлік ескіріп, жиі сына бастайды. Яғни жаңасын сатып алу қажеттігі туындағанда, ескісінің несиесі әлі жабылмаған болады дейді кандидат. Ал үш жылдан кейін көлікті ақылға қонымды бағаға ауыстыруға болады.

Тұтынушылық несиелерді алуға келер болсақ, қаржы кеңесшісі Бота Жұманованың айтуынша, барлық тұтынушылық несиелерді ең көбі 6 айға дейін алу керек және несиені артық төлемсіз рәсімдей алатын ұсыныстарды пайдалануға болады.

Несиені қалай өтейтіні туралы сұраққа сауалнамаға қатысқан оқырманның 60%-і уақытылы деп жауап берген екен. Ал 31%-і несиені кешіктіріп төлейді. Қалған 9% мерзімінен бұрын төлеушілерге тиесілі.

Әрине, қарыз алушыға қарызды мерзімінен бұрын өтеу тиімді. Өйткені пайыздар ай сайын берешектің қалдығына байланысты есептеледі. Яғни негізгі борыштың мөлшерін неғұрлым тез қысқартса, несие бойынша артық төлем соғұрлым аз болады. Бірақ кей кезде шартта мерзімінен бұрын өтеуді белгілі бір уақытқа дейін жасау мүмкін болмайтыны көрсетіледі.

Ал несиені уақытында төлемеген жағдайда, мерзімі өткен төлем сомасына өсімпұл мен пайыздар есептеледі, кейіннен банк берешекті өндіріп алу үшін барлық құқықтарын пайдалануға мәжбүр болады. Оның үстіне қарыз алушының несие тарихы бұзылады.

Сауалнамамыздың соңғы сұрағы «Несиеңізді немесе несиелеріңізді толық өтеген соң қайта несие аласыз ба?» болған. Оған сауалнамаға қатысқан 29 253 адамның 16 149-ы қажеттілік болса аламын десе, 13 103-і мүлде алмаймын деп жауап берген екен...

Жансая ҚАМБАР  

 

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
114 Пікір
К
Кайрат 23.01.2023
Жабылса комек болар еди
Жауап беру
Ш
Шаттык 12.08.2021
НЕСИЕНІ КБ Store АЛДАНП КАЛГАННАН АЛДМ 1МИЛЛИОН МАШИНА УТТЫҢЫЗ ОСНДАЙ АКША САЛЫҢЫЗ ДЕП ӨЗИМ КӨП БАЛАЛЫ АНАМН УЙІМ ЖОК ЦЫГАНИКУСАП КАНГП ЖУРГЕН АНАНЫ АЛДАП СОКТЫ
Жауап беру
А
Айдар 06.05.2021
Кредит 5млн бар айына 225000тг куйамын.Бир комек болса.отв болса.
Жауап беру
А
Айдана 06.02.2023
Маселенизди шештинизбе ? Шешпесениз 87073267668 жазынвз тимди график истеимин бирак услугага толеисиз
Жауап беру
А
Айдар 06.05.2021
Кредит 5000000 тг калай жабу амалдары барма
Жауап беру
N
NORTION LOAN CONSULTANT 04.05.2021
Welcome to NORTION LOAN CONSULTANT Stop suffering yourself from getting a loan from your fianacial instistutions and free yourself from scammers. Get your FREE loan in 24 hours from NORTION LOAN CONSULTANT at the best rate in all loan transaction, it is very EASY FAST and SECURED Contact Information: Email: nortionloanconsultant@gmail.com Telephone Number: +1 409 210 4274 Whatsapp: +1 409 210 4274 (TEXT ONLY) Facebook: Nortion Loan Instagram: Nortion Loan consultant Twitter: @nortionloanconsultant Loan at your best interest
Жауап беру
А
Анон 24.04.2021
Проценты мен бирге коса есептегенде 8500 000 млн кредитным бар озым Гана жумыс истеймын жубайым уйдегы балалар га караумен журеды. Миыма кан кетуге аз калды, кв жалдап турмыз кейде олим жайлы туралы ойлаймын 3 баламды ойлап озымды сабырдыкка шакырамыз, отинем калай кутылсам болады айтыныздаршы
Жауап беру
N
Nora 29.03.2021
Қаржылық көмек (WhatsApp қызмет нөмірі: 0903235921) Барлық қаржылық қажеттіліктеріңіз үшін маған хабарласыңыз. Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз қандай болмасын, біз 1-ден 30 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 4% -дан 5% -ға дейін 1000-нан 150 000 еуроға дейінгі қысқа, орта немесе ұзақ мерзімді несиелер ұсынамыз. Маған WhatsApp қызметінің нөміріне жазыңыз: 0903235921, пошта қызметі: nora.posta@pobox.sk
Жауап беру
Б
Бекболат 01.02.2021
2000000 теңге несие алдым. Маған нақты есептеп берсеңіз.
Жауап беру
Г
Гүлмира 25.12.2020
Несиені уақытынан бұрын төлесем ол банкке тиімсіз. Сол себептен олар кредит беруден бас тартады. Берген уақыттада ұзақ мерзімге беріп тұи.
Жауап беру
З
Зухра 24.12.2020
Өте қызықты сауалнама қорытындысы шығыпты.Ең өкініштісі шынында да көп нәрсені білмейді екенбіз.
Жауап беру
З
Зухра 24.12.2020
Өте қызықты сауалнама қорытындысы шығыпты.Ең өкініштісі шынында да көп нәрсені білмейді екенбіз.
Жауап беру
Б
Борановажанар 18.12.2020
Менин кредитим бар регулярно толеп келем. Бірақ черныи списиок тан шыга алмай отырмын
Жауап беру
О
Олжас 17.12.2020
Мен Алфа банктен қридит алғам толи алмай жатырмын айына 63000
Жауап беру
А
Арайлым 14.12.2020
Мен 2017 Евразия банктен несие алган мын 1млн.Баста 3 ай толедим сосын жумыстан босап калды. Содан толей алмадым. Уйде жолдасым гана жумыс жасайды. Онын да артында уйге деп алган кредитимиз бар. Меники сотка отти деп соттан кагаз келди. Оны ай сайын 15-20мыннан толейтин кылып калай жасасам болады. 5 балам бар ай сайын одан кобин толей алмаймын. Отиниш билсениздер жолын айтыныздаршы
Жауап беру
Г
Гулдерай 15.12.2020
Сәлеметсіз бе! Менде де осы банктен кредитим болған. Тоже прасрочка. Банк филиалына барып соттан келген письмода Сіздің проблемаңызбен айналысып жатқан жауапты маман бар сонымен кездесіп график жасатып алсаңыз болады. Ай сайын шамаңыз келетін сумманы айтыңыз. Аллаға шүкір мен құтылдым қарыз емеспін блоктан карточкаларым шешілді. Бәрін төлеп біткенсоң справка алып алыңыз банктен қарыз емессіз деген. И сақтап қойыңыз. Ол маңызды. И төлеген чектеріңізді тастамай сақтап жүріңіз. Сәттілік.
Жауап беру
К
Куат 14.12.2020
Мен осыдан 7ж бұрын бір адамға несие алып бердім міне осы уакытка шейін 3 ақ рет төлем жасаған содан жасамаған жүре берген .Енді міне айлығымнан 50%ұстап отыр 4 балам бар әйелім жұмыссыз карантиннен жабылды жасаған жері енді нестесем болады колыма 50м тенге алам жетпейді ештеме ге өзім квартирада тұрам жалдамалы біреуге алданып опық жеп отырмын не істесем болады айтыңыздар шы жемеген ішпей өзім төлеп Отырм шег
Жауап беру
Ш
Шынар 04.12.2020
Мен баспананы өз күшіммен алдым. Ай сайын 150 мың төлеп тұрамын. Вируспен қтты ауырғанда бір ой маза бермеді. Балларыма осы өтелмеген кредиттерді тастап кетуден қорықтым. Жатпадым.Жанталасып күрестім.Болашақта төрт баламның біреуін осы саланың маманы ретінде көргім келеді. Ол туған туысына кредит жөнінде дұрыс ақпарат беріп отырса деп армандаймын.
Жауап беру
Ж
Жібек 01.12.2020
Балам үшін алганмын емдетуге кеиінмкеш болып калмас ушини
Жауап беру
С
Сандуғаш 01.12.2020
Қазіргі кезде төлей алмай жатырмын. Қызым өскенше емдетуім керек. Сүйектері қатайған соң емделмейді ма деп қорқамын. Сол үшін кредитімді төлей алмаймын. Қызымның еміне жаоатамын
Жауап беру
С
Сандуғаш 01.12.2020
Қызымды емдетуге кредит алғанмын. Каспиден
Жауап беру
А
Асылжан 01.12.2020
Каспиден машина алғанмын
Жауап беру
Р
Рысбек Бахытгу 01.12.2020
Менде солай
Жауап беру
А
Асылбала 01.12.2020
Менын улым 200 га кредит алып азгана тенге калганда Толей алмай калган ,ад Каспий банк кредитын коллекторларга откызып баламнын карызын931000 то есыпып жыберды ,сондада500 сын ТГ толеды ,алы 500 ТГ карызсын деп кунде звандап коймай отыр
Жауап беру
Ж
Жанна 30.11.2020
Кредитті карантин кезінде уш айға токтатканбыз. Сол уш ай токтатканымыз ушін кредитті баленбай жылға созып тастапты уятсыздар. Уш ай отсрочкаға бола уакытын екі уш есе косып тастапты кредиттің
Жауап беру
Г
Гуля 01.12.2020
Менде де сол . Каспий банк.
Жауап беру
G
Gulnara 30.11.2020
Сәлеметсіздер ме! Катты киналып турганда микрокредитная организация koke.kz тен алгам, 1 рет алганымда 1 айга-135.000 тг % 135 тг кылып алгам, 2 рет алсам уже % 40.000 тг косылып тур устинен. Бул дегенин маскарагой. Банктің өзінен алсаң 1 айга от силы 5-6 мын толейсіңғой.
Жауап беру
М
Молдир 25.11.2021
Микрозаймдарга график жасауга комектесемін. +77785125440.
Жауап беру
Л
Лаура 30.11.2020
Қажет болғанда кредит алдық енлі төлеуіміз қиындық туғызып жатыр жұмысымызда жоқ жұмысқа орналасайық десек жұмыс таппадық тұрғылықты жерімізден мемлекет қарыздың жартысын болса да кешірсе брлатын еді
Жауап беру
Ж
Жансая 30.11.2020
Әрине, қарсымын
Жауап беру
Б
Бану 30.11.2020
Кредит алып оны төлей алмай отырмыз.Себебі 3ай кроновируспен ауырып емханада болды.
Жауап беру
Б
Бану 30.11.2020
Кредит алып ое
Жауап беру
Б
Былтыр егын егуге 550мың алдық, биыл егун болмайтолей алмадық микрокредит болатын, енді ол процентімен 700мың болды, сол 700мыңды график жссатып едім 4жылға 25мыңнан толейтн етіп жасады, не деген масқара ештеңе істей алмаймыз, амал жоқ толеп отырмыз, сонда алған 550мыңға бір жыл 20мыңнан процент толедым, жазда карантин болып үш ай толей алма қалған едім 700болды, общи 1.Милион 400мың етіп қайтарады екенмін. 30.11.2020
Шаршадым енді алмаспын
Жауап беру
Р
Раушан 30.11.2020
Хом банктен бір досыма кридит алып бергем ол қыз давлениядан қайтыс болды басында баласы төледі енді төлемей қойды 2008ден бастап төлемедім нестеймін жолдасым білмейді
Жауап беру
А
Аигерим 30.11.2020
Барибир сиздин атнызда турго толеисиз
Жауап беру
К
Кунди 30.11.2020
Акшалай несие алгам еки банктен екеуинде кешиктирип толейм алган акшамыз жетпей калады. Осы кредитти жапсам кайта жоламас едим
Жауап беру
К
Кунди 30.11.2020
Акшалай несие алгам еки банктен екеуинде кешиктирип толейм алган акшамыз жетпей калады. Осы кредитти жапсам кайта жоламас едим
Жауап беру
Ж
Жумабике 30.11.2020
Кридит каспиде банкте болды кәзір калектрде нестеум керек 500мың осыны азайтып төлеуге болама график шығарып
Жауап беру
Б
Баян 30.11.2020
Аллаға сансыз шүкіршілік тек Жилстройдан 5% алған ғана кредитім бар. Айына 32048 теңге төлеймін. 6 жылға жил займмен табыс көзін растаусыз алғанмын. 3 жылын төледім енді 3 жылы қалды. Аллаға сансыз шүкіршілік деймін және Алла бұйыртса тағы да Жилстройдан үй алу жоспарда бар. 3 жылдай болып қалды тағы жинақтап жатырмын. Бәріңізге жұғысты болсын халқым. Әр қазақ бар болсын, бай болсын, үйлі-күйлі болсын деп тілеймі.
Жауап беру
Э
Эльвира 02.12.2020
5% қанша сумма алдыңыз айына 32048₸ төлейтіндей егер құпия болмаса айтасызба
Жауап беру
М
Молдир 30.11.2020
Ай сайын Толей алмай калам кобине кешиктирип толейсиз ипотеканы 10 ылга алгамыз 2млн 639 тг алган 5 млн кылып кайтарам банк центркредит
Жауап беру
М
Махабат 30.11.2020
Меніңде несием бар ақша жеткізе алмай қалам. Несиеден кұтылсам кайтып жоламайтын едім кұрсын. Кұтылудың, жолы барма екен
Жауап беру
Г
Гулсим 30.11.2020
Меніңде несием бар ақша жеткізе алмай қалам. Несиеден құтылсам қайтып жоламайтын едім құрысын. Құтылудың жолыбар мекен
Жауап беру
Ж
Жания темирбековна 30.11.2020
Несиеден калай кутылуга болады осы несиелерден кутылсам несие алмаймын жолын айтсаң калай косымша акша табуга болады
Жауап беру
Ж
Жания темирбеккызы 30.11.2020
Бұрын заттай кредитим бар еди карантин басталған кезде ақшалай кредит алдым тамакка кажеттиликке артынан сентябрде тагы сабак оңлайн болгасын кыздарга сабак окуга ноутбукке тагы кредитке кирдик жане биреуине телефон керек болды сабакка тағы да кредит балалар ауырмасын деп тамакка дари дармекке витаминге маскалар антисептик деп коп каражат жумсадык енди кыс жыллы киім керек оның устине квартплата тагы бар кредит толеу керек былай тартсаң былай жетпейди интернетке тагы толеймиз бари бари кымбат тамакта ушып тур карыздан шыга алмай калдык айлык аз бас аман болса болар деп отырмыз кыстан аман шыгайык деп онлайн окуда балаларга киын болды аманшылык болгай
Жауап беру
А
Айнур 30.11.2020
Кредит алушыға банк 2 график беру керек екен бири аннуитеттік және дифференцированный таңдауды кредит алуша калдыруы керек екен бирак бизде 2 графикти бермейди билмеген сыңай танытып осы мәселе жайында қай мекемеге барып сурасак болады билетиндериниз барма?
Жауап беру
Д
Дулат 30.11.2020
Менин аз суммада несием бар кешіктирилп жатыр соңы жабайын дегем кайдан акша көмек алуға болады??
Жауап беру
С
Сабира 30.11.2020
Кредитім бар проценті көп калай жабамын кашан кутыламын сосын тағы алмаймын деп айта алмаймын амалдың жоқтығынан аласын жетіп турса әрине алмайсың осы жолы кредитімнен кутылсам алмауға тырысаман алла каласа
Жауап беру
А
Айгерім 30.11.2020
Каспийде бар айына 81 095тг төлеймін 5 ай кешігіп төледі осы айда төленген жок басым катыпкетті
Жауап беру
A
Aigerim 30.11.2020
Kaspi де бар калай құтылуға болады..
Жауап беру
Г
Гулайым 30.11.2020
Несиени уй алуга акшам жетбегесин алдым.
Жауап беру
А
Айгерим 30.11.2020
3банктен несием бар 3айдан асты толей алмай отырмын. Кредитти кредит алып толеп одан самайын кобейтип алдым. 6миллионнан асып кетти. Басым катып жур. Исим сотка кетеди деп звондап айтты. Нестеуге болады.
Жауап беру
Б
Балдай 30.11.2020
Менде екі банктен несием бар. Қазіргі уақытта екі банктен төлей алмай отырған жайым бар. Себебі карантиннен алдын тұрақты жұмыстан белгілі себептен шықтым. Қосымша жұмыстарым бар еді ол да тоқтап қалды карантин режимінде. Банктен жеңілдік болды но каз жұмыс жоқ.Ай сайынғы табыс квартира мен азық түлікке кетеді.Жағдайым жок..
Жауап беру
Г
Гульнур 30.11.2020
Ауырған соң амал жоқ алдым, операция жасатқанға керек болды, бір рет жасалса ештеңе емес 6 рет ота жасалды, оның бәрін кім төлейді өзіңнен басқа, ешкімге масыл артпай кредитті алып, енді отырмын төлеп, төлей алмаған кездері рефинансирование жасап отырамын, басқа не істеймін, кімге қол жаясың банктен басқа...
Жауап беру
А
Актолкын 30.11.2020
саламатсызба мен каппи креди алган мын 2012 жылы басында толеп турдым кин денсаулыгыма байланысты толи алмадым енди маган кунде колект звандап мени коркытып неге толемисин толе озинди сат та толе болмаса балан бар екен аналык кукынан айрам баланды ап коямыз деп тыныштык беомиди толитин шама жок туган туысым барине звандап неше турли ангиме айтады не истесем болады негизи зат алгам акша емес 1.500000мил болды толе диди
Жауап беру
М
Маншук 30.11.2020
Сизге олай айтуга кукыгы жок.сотка беруге болады .
Жауап беру
А
Айзада 30.11.2020
Алмас едим амалым жок онсыз ары бери журе слмайтындай болдык енди калай Казакстанда несиеси жок Адам жок шыгар
Жауап беру
А
Айзада 30.11.2020
Алмас едим амалым жок онсыз ары бери журе слмайтындай болдык енди калай Казакстанда несиеси жок Адам жок шыгар
Жауап беру
Г
Гулжахан 30.11.2020
Айта алмайды екенмін
Жауап беру
З
Замира 30.11.2020
Мен шаршап кетип сол кайта кайта алаберрип.
Жауап беру
З
Замира 30.11.2020
Мен шаршап кетип сол кайта кайта алаберрип.
Жауап беру
Н
Назгуль 30.11.2020
Карантин де просрочка болып калды
Жауап беру
З
Зухра 30.11.2020
Толеп бітірсем қайтып жоламаймында өліп баратсамда
Жауап беру
Д
Даке 30.11.2020
Ат баспаймын деген жерын 3 рет басады
Жауап беру
М
Мадина 30.11.2020
Кредитпен бітіп отыр барлық тірлігіміз ақшадан қиналғанда ала қоямыз
Жауап беру
А
Абдиханова Дина 30.11.2020
Менде де кредит барлығы каспийден екен басқа банктен өте жоғары екен проценті
Жауап беру
А
Арайлым 30.11.2020
Бар кридитимиз,Сол тез кутылсак деп армандаймыз енди алмаспын кридит.
Жауап беру
Б
Бауржан 30.11.2020
Меніңде кредит бар соны уақыттылы жауып отырғанм енді төлей алмай қалдым, осы кредитті кешіріп берсеңіздер. Кредит алмас едім. Кредитті өзім денсаулығым үшін операцияға алып едім.
Жауап беру
М
Мөлдір 29.11.2020
Жылдам жабуга тырысам акшалай несие алмаймын.Заттай алам 1айда 2 айды бирден толеп тастаймын.Озиме унайды жылдам жапкым келип турады..
Жауап беру
У
Улжан 29.11.2020
Жок шукир алуга коркам
Жауап беру
А
Айдана 29.11.2020
Кутыла алмай журмин
Жауап беру
Ж
Жаңагүл 29.11.2020
Несиені алып төлеп жүргем, карантинге байланысты жұмыссыз қалдым, енді банк мазалауда.
Жауап беру
Н
Назира 29.11.2020
Несиеніқажет болганда алғам енді каронтинге байлрнысты жумыссыз қалдым енді төлей алмай жүрмін.
Жауап беру
Б
Балнура 29.11.2020
Алмаймыз дей береміз,бірақ бәрі уақыт еншісінде.алмауға тырысу керек
Жауап беру
С
Сауле 29.11.2020
Кредит алмаймыз деп айтамыз ғой, бірақ тығыз ақша қажет болса бәріде алады. Қазіргі заманда сол кредитсіз еш шаруа шешілмейтін, бітпейтін сияқты ғой.
Жауап беру
Ж
Жулдыз 29.11.2020
Несиені несие алып жауып.ендi төлей алмай жүрмін.калай бере берді маган банктер.доходка карап берсинш . жастарға өмір баки кредитке киргизбей.әбден шаршадм..калай төлейм.
Жауап беру
А
Алтанай 29.11.2020
5-балалы анамын. Жолдасым бир кози көрмей калды .емдетуге де акша жок .жалдамалы пәтерде турамыз.жағдай мәз емес
Жауап беру
Р
Райхан 29.11.2020
кредит жабылса екен
Жауап беру
Н
Нагима 29.11.2020
Ешқашан
Жауап беру
Ж
Жемисгуль 29.11.2020
Кредит жабылса екен
Жауап беру
А
Асель 29.11.2020
Пайдалы акпарат . Менде кредитке жоламас едым.
Жауап беру
А
Асель 29.11.2020
Пайдалы акпарат
Жауап беру
М
Маржан 29.11.2020
Жаксы акпараттар коп болып кредит жабылып калса екен
Жауап беру
С
Светлана 29.11.2020
Жақсы ақпараттар көп болсын
Жауап беру
Х
Хадиша 29.11.2020
Алла тілеуімді қабыл етіп кенеттен кредит жабылып қалмаса
Жауап беру
Г
Гүлсім 29.11.2020
Кредитімді өтеп болсам мүлде жоламас едім сол кредитті де амалсыз алған едім
Жауап беру
Н
Назерке 29.11.2020
Мен вопше кредитке жоламушы едим шаршатты катты кредит деген казир вопше кесири тип жатыр жас маманмен там алам десем оз атымда кредит бар еди соны мамамнын атынан алып жаптып сонда да ала алмаисын жас маманмен уиди деп аитты просрочкаларын коп болган деп мен жумымка жакында турдым озим ени вопше киын болып жатыр маган.
Жауап беру
Г
Гүлжахан 29.11.2020
Несием ғайыптан тайып кешірілсе, мүлдем жоламас едім. Каспий ред дегендерді мүлдем алмайтындай жауып тастап едім. Сол сияқты мүлдем ала алмайтындай жауып тастаса екен.
Жауап беру
С
Санду 29.11.2020
Каспий банк тук тусінбейді. Жағдайым жоқ деп бейбіт келісімге келейк дегенді тусінбейді. Халықтың тонаушылық. % жоғары.
Жауап беру
А
Асма 29.11.2020
Иәә бул банк сөз тусинбид шаршатты карсы шыгу керек боп тур
Жауап беру
И
Индира 29.11.2020
Несие кешірілсе вообще жоламас едік. Өмір бойына шықпайтындай етіп қойса кредит дегенді ризамын
Жауап беру
И
Индира 29.11.2020
Несие кешірілсе вообще жоламас едік. Өмір бойына шықпайтындай етіп қойса кредит дегенді ризамын
Жауап беру
Г
Гүлдана 29.11.2020
Кредит бітсе алмаймыз
Жауап беру
К
Катира 29.11.2020
Несие кешірілсе мулдем алмас едім .
Жауап беру
К
Катира 29.11.2020
Несие кешірілсе мулем алмас едім .
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 29.11.2020
Мен кридитті жұбайым дәрі дәрмегіне алған едім енді төлей алмай отырмын колектор сотқа берем дейді маған график сызып берсе сосын енді алмаспын дәрі дәрмектіде бермейді
Жауап беру
Т
Тамаша 29.11.2020
Алам кредитимиз ештеме битпейди
Жауап беру
А
Аинур 29.11.2020
Меники қызық болд откен жылыма каи жылы окимет жауып берди деп журсем, хат келмегенге 3жыл отти тым тырыс боп кетти банк альфа, соитсем кеше каспи голд бұғаттап тастапты, соитсем баягы алфа банк, сол төлеп болсам енди жоламаспын
Жауап беру
С
Сауле 29.11.2020
Кредиттерімді жапсам қайтып алмаймын
Жауап беру
М
МАХАББАТ 29.11.2020
Мендеде несие бар каспиде бірақ каллектрга өткен керек кезде анам ұшын алдым осыдан кридитті жапсам или болмаса жауып жатса қайтып кридит алмаспын арқанмен сүйреп апарсада жоламаспын аштан өліп жатсақ көрерміз
Жауап беру
А
Айгерим 29.11.2020
Даулет сеннен көп мағлұмат алдым.Ақшалай несие алғанда Каспи банкқа жолатпаймын.Несие алмауға тырысамын.Менде несие жоқ шүкір Аллама
Жауап беру
А
Айгерим 29.11.2020
Даулет сеннен көп мағлұмат алдым.Ақшалай несие алғанда Каспи банкқа жолатпаймын.Несие алмауға тырысамын.Менде несие жоқ шүкір Аллама
Жауап беру
Р
Роза 29.11.2020
Еки кредитим бар осыдан жапсам кредит дегенди умытамын жетпесе жетпей кетседе
Жауап беру
М
Меруерт 29.11.2020
Кредитим жабылып, Уй алсам арманым жок
Жауап беру
А
Алия 29.11.2020
Үйілі болыңыз.
Жауап беру
А
Аигул 29.11.2020
Басымда бир емес екі кридит бар казир толеу өте қиын болып тур .өзім коп балалы анамын
Жауап беру
М
Майра 29.11.2020
менің басымда 4 кредит, мен кредитті қарызбен кредит төлеу үшін алғам, қазір қатты қиналып жүрмін, отбасында жалғыз өзім жұмыс істеймін
Жауап беру
А
Аигул 29.11.2020
Басымда бир емес екі кридит бар казир толеу өте қиын болып тур .өзім коп балалы анамын
Жауап беру
Е
Елибаева Гульсара 29.11.2020
Ай сайын 55300 000 тг төлеймін.
Жауап беру
У
Улдай 29.11.2020
Катты кажет болган жагдайда гана алу болад барынша алмауга тырысам
Жауап беру
К
Керимова Гулстан 29.11.2020
Кридит басымда бар канекей кридитим ди жабсам казир зорға күн корудемин
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл