Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан орталығында құрылысы аяқталмаған ғимарат бұзылып жатыр - видео
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан орталығында құрылысы аяқталмаған ғимарат бұзылып жатыр - видео

20.08.2021
1 мин
0
1130

Нұр-Сұлтан қаласы орталығында құрылысы аяқталмаған ғимарат бұзылып жатыр. Нысан Сарайшық көшесінде Сыртқы істер министрлігі ғимараты маңында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғимаратты бұзу бірнеше күн бұрын басталған. Нысанды бұзу барысын астаналық фотограф Владислав Воднев видеоға түсіріп алған.

Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мәліметінше, 27 сәуірде компания "Халықаралық ұйымдар орталығы" (ХҰО) құрылысының жобасы аясында жер телімін VYOL ЖШС-ға берген.

"2021 жылы 2 тамызда VYOL ЖШС нысанды кәдеге жарату (ғимаратты бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуді ұйғарды. 2021 жылдың 18 тамызында VYOL ЖШС Нұр-Сұлтан Қалалық экологиялық бақылау және сапа басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама жіберді", - делінген "Astana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Компания баспасөз қызметі мәліметінше, олардың негізгі міндеті - кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау және ынталандыру, қолда бар активтер негізінде тиімді және танымал өндірістік қуаттарды құру.

"Инвестициялық қызметті дамыту және жүзеге асыру мақсатында компания Нұр-Сұлтан қаласындағы инвестициялық жобаларды қарайды, оларға жер учаскесі бөлінген және инвестор болған жағдайда Жер кодексінің 48-бабына сәйкес жер учаскелерін беруді қастырады", - делінген "Astana" ӘКК" АҚ жауабында.

Айта кетейік, нысан елордада бірнеше жыл бұрын салына бастаған еді. ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ғимараттардың бірінің қасбеті қапталған болатын.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл