| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова eGov порталындағы «Білім» бөлімінде мектеп үйірмелеріне қатысты қоғамда туындаған сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, ведомство ашықтық қағидатын ұстанады және қоғамға ақпарат беру саясатын жалғастыра береді.
– Мемлекет оқушыларға орта білімді тегін береді. Соның аясында мектептегі үйірмелерге арнайы мемлекеттік тапсырыс орналастырылады, яғни бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл қаражаттың тиімді жұмсалуы және нақты оқушыға жетуі – маңызды мәселе, – деді министр.
Сондай-ақ ол мектеп үйірмелерін қаржыландыру мәселесі министрліктің бақылауында екенін атап өтті.