Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өзбекстандық «My Freighter» лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады
Жаңалықтар

Өзбекстандық «My Freighter» лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады

04.06.2023
1 мин
0
424

Шара халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі жұмыс шеңберінде ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Өзбекстанның авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Өзбекстанның «My Freighter» (Centrum Air) төмен бюджеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. 

Осылайша, «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы 2023 жылғы 5 маусымнан бастап А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) Алматы-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ бәсекелестіктің артуына және авиабилеттер құнының төмендеуіне әсер етеді.

Айта кетейік, «My Freighter» - Ташкентте орналасқан өзбекстандық әуе тасымалдаушы. Әуе компания жолаушылар мен жүк рейстерін орындайды. Ол 2020 жылдың қаңтарында құрылып, алғашқы жолаушылар рейсін 2023 жылдың ақпан айында орындаған.

Әуе компания паркінде 5 әуе кемесі бар (Airbus-319, Airbus-320, Boeing - 747).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл