Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үш облыста ауа температурасы 40 градустан жоғары болады
Жаңалықтар

Үш облыста ауа температурасы 40 градустан жоғары болады

21.07.2025
мин
0
1316
Сурет: ғаламтордан

"Қазгидромет" РМК 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, республикамыздың басым бөлігінде антициклон жотасы ықпалынан күн жауын-шашынсыз болады, тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен байланысты күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус ыстық болады, Атырау облысында 35-39 градус, Батыс Қазақстан облысында 35-37 градус, Жетісу облысы мен Алматы облысында 35-38 градус, Абай облысының оңтүстігінде 35 градус, Түркістан облысының оңтүстігінде 42 градус ыстық болады. Сондай-ақ күндіз Атырау облысының батысында 41 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, Жетісу облысында, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл