Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында «Сүт шаруашылығын дамыту» бағдарламасымен заманауи стандарттарға сай жаңа ферма салынады. Фермаға жұмсалатын ақша 7 миллиард теңгені құрады. Өңірдегі алғашқы сүт фермасы 2600 асыл тұқымды мал ұстауға мүмкіндік береді.
«Ферма 8 мың тонна сүт өндіруге қауқарлы. Елдегі нарық үшін дайын шикізат қоры болмақ. Қосалқы жобаларға тоқтала кетсем, бұл ферма аймақта асыл тұқымды мал басын көбейтуге үлесін қосады»,- деді бас директордың инвестициялар жөніндегі орынбасары Арман Жүкин.
Аталмыш ферманың құрылыс жұмыстары аяқталғанда асыл тұқымды сиырларды шетелден әкелу жоспарланып отыр. Жоба ерекшелігі - заманауи үлгідегі құрылыс және озық технологиялар. Мекеме жем-шөпті дайындауды қазірден бастап қолға алған. Алдағы көктемде егіс алқаптарына шырынды өсімдіктер өсіруге қамданып жатыр. Жоспар бойынша тауарлы сүт фермасы келесі жылдың жаз айында іске қосылады.