Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады. Егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданды, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды. Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазір олардың алты алаяқтыққа қатысы анықталды, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленді, олар екі жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде.
фото: видеодан скриншот