Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пойыз билетін онлайн қайтару жүйесі іске қосылды
Жаңалықтар

Пойыз билетін онлайн қайтару жүйесі іске қосылды

22.04.2022
1 мин
0
1054

2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электрондық жол жүру құжаттары бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске қосты. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Егер жолаушы пойызды қалыптастыру станциясынан жөнелтуге дейін 1 сағаттан кем және электрондық билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өтпесе, орынды онлайн қайтаруына болады.

Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін:

1. BILET.RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде "Талап бойынша орынды қайтару" қосымша бетін таңдаңыз.

2. Сайтта барлық қажетті бағандарды толтырыңыз және орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алыңыз. Жолаушылар ақшалай қаражаттың жолаушыға электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алу тәсілі мен орнына байланысты белгіленген тәртіппен қайтарылатынын ескеруге тиіс.

Орындарды қайтару туралы толық ақпаратпен bilet.railways.kz сайтынан танысуға болады:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару орын сату жүйесіне қайтарылған жағдайда жүргізіледі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл