Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды - Балқаш тасжолында болған жол апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
15 қараша күні сағат 10:00 шамасында Алматы - Екатеринбург автожолының Құрминка ауылы маңындағы 2-шақырымда жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылып кеткен.
Жол апатының салдарынан жүргізуші мен оның алты жолаушысы, оның ішінде екі бала оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.