450.62
504.2
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандыда полиция пунктіндегі әйел өліміне қатысты сот жабық өтеді
Жаңалықтар

Қарағандыда полиция пунктіндегі әйел өліміне қатысты сот жабық өтеді

01.10.2026
мин
0
88
Сурет: zakon.kz

Қарағандыда полицияның тірек пунктында жалаңаш күйінде мәйіті табылған 23 жастағы әйелдің өліміне қатысты сот процесі басталды. Оқиға бойынша қызметтік әрекетсіздік танытты деп айыпталған бұрынғы учаскелік полиция инспекторы сот алдында жауап беруде, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атышулы оқиға Қарағанды қаласының Михайлов полиция бөліміне қарасты тірек пунктында болған. 2025 жылдың 1 қазанында полиция мекемесінен 23 жастағы әйелдің мәйіті табылса, жанында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері жедел ауруханаға жеткізілген еді. Кейін белгілі болғандай, марқұм мен полиция инспекторы 29 қыркүйек күні кешке тірек пунктына бірге кірген. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, марқұмның артында кішкентай баласы қалды.

Оқиғадан кейін облыстық және қалалық полиция департаментінің бірқатар басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Ал емделіп шыққан учаскелік инспектор қызметінен босатылып, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік») бойынша қылмыстық айып тағылды.

Іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында судья Бекзат Шалғымбаевтың төрағалығымен қаралуда. Сот отырысы кезінде қорғаушы тарап процесті жабық режимде өткізуді өтінді. Адвокат бұл талабын сотта марқұм мен айыпталушының жеке өміріне қатысты интимдік мәліметтер айтылатынымен түсіндірді.

Мемлекеттік айыптаушы Дінмұхамед Әлімқұлов соттың жабылуына қарсылық білдіргеніне қарамастан, судья істі ары қарай жабық эшелонда қарау туралы шешім қабылдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл