Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарыз бергенде нені ескеру керек?
Қаржылық сауат

Қарыз бергенде нені ескеру керек?

03.06.2021
1 мин
54
25152

Орыс халқында «Егер досыңды жоғалтқың келсе, оған қарызға ақша бер» деген мақал бар. Шындығында, достардың, әріптестердің, туыстардың арасындағы қаржылық міндеттемелер ешкім күтпегендей аяқталуы мүмкін. Себебі статистика бойынша берілген қарыздардың 50%-і қайтарылмайды екен, ондай жағдайда арадағы достық пен түсіністіктің де сақталуы қиын.     

Сондықтан жақыныңызға қарыз бергенде не болуы мүмкін екенін, сондай-ақ қарызға ақша бере тұра қаржыңызды ғана емес, арадағы достықты да қалай сақтап қалуға болатынын бірге талдап көрейік.

Сонымен, жақыныңызға қарыз бергенде не болуы мүмкін?

  1. Қарызды қайтаруға басымдық берілмеуі мүмкін

Туыстарыңызға немесе достарыңызға қарыз бергенде олардың маңдай теріңізбен тапқан ақшаңызға жауапкершілікпен қарауын күтесіз. Бірақ сізден қарызға ақша алған жақыныңыз оны қайтаруға басымдық бермейтінін ескеріңіз. Өйткені оның қаржылық міндеттемелерінің тізімінде сіздің қарызыңызды қайтару кредит, коммуналдық шығындар мен басқа төлемдерден соң тұрады. Оның себебі – достық қарым-қатынаста. Яғни сіз қаржылық ұйым өкілі немесе коллектор емессіз, оған қарызды қайтар деп ескерту үшін хабарласпайсыз. Сондықтан қарыз алушы да ақшаңызды қайтаруға асықпайды.    

  1. Жақындарыңыз әрдайым көмекке келуіңізге жаман үйренуі мүмкін

Туыстарыңыз бен достарыңызға жиі қарыз берген жағдайда, олардың алдында әрдайым көмекке келетін адам ретінде қабылданасыз. Жақындар арасында ондай пікірге ие болу жақсы болғанымен, жаман жақтары да жоқ емес. Мысалы, жақындарыңыз сізге материалдық көмек үшін тұрақты түрде жүгінетін болады. Яғни әрдайым көмектесуге немесе қарыз бермеу үшін сылтау іздеуге тура келеді. Сондай-ақ бір туысыңызға қарыз беріп, басқасына бере алмай қалуыңыз да олардың ренжуіне әкелуі мүмкін.        

  1. Тұрақты түрде қарыз беру кесір тигізеді

Егер сіздің туысыңыз не досыңыз жиі қарыз алса, оның қаржыны басқаруында үлкен мәселелер болуы мүмкін. Оған тұрақты түрде қарыз беру арқылы мәселесін өздігінен шешуіне бөгет жасайсыз.

Қаржыны басқару жөніндегі мамандардың айтуынша, жиі қарыз беру – көмектен гөрі кесірі көп іс. Өйткені досыңыз ерте ме, кеш пе құтылуы қиын болатын қарыздарға батуы мүмкін. Әрине, қиындыққа тап болған жақыныңнан алыстау дұрыс болмайды. Бірақ көмектесудің қарызға ақша беруден басқа жолдары да бар. Мысалы, қосымша табыс табу жолдарын ұсыну немесе ақша үнемдеудегі тәжірибеңізбен бөлісу.

  1. Достық қарым-қатынасқа көлеңке түсуі мүмкін

Bank of America жүргізген ауқымды зерттеу ақша достықты бұзатынын анықтады. Американдықтардың 77%-тен астамы қарыз қолхаттары достармен қарым-қатынасқа айтарлықтай зиян келтіргенін, ал сауалнамаға қатысқандардың тең жартысы қарызды қайтармас үшін достарымен қарым-қатынасын үзгенін айтты. Сауалнама бойынша анықталған «достық бағаланатын» орташа сома 500 долларды құрады. Сондықтан досыңызға қарыз бермес бұрын өзіңізге мына сауалды қойғаныңыз дұрыс: Ол қарызды қайтармаған жағдайда араластықты ештеңе болмағандай жалғастыра аласыз ба немесе қайтарылмаған қарыз қарым-қатынасыңызға кері әсер ете ме?

Жоғарыда досыңызға, туысыңызға, әріптесіңізге қарыз берудің арты неге айналуы мүмкін екенін талдадық. Десе де, өмірде әртүрлі жағдайлар болады және ондай кезде жақыныңызды қарыз беру арқылы қолдауыңыз оған материалдық қана емес, моральдық тұрғыдан да көмектесе алады. Сондықтан берген қарызыңыздың пайдалы болып, достыққа кесірі тимеуін және уақытында қайтып келуін қаласаңыз, қарапайым ережелерді сақтаған дұрыс.

  • Егер жақындарыңыз аз мөлшерде қарыз беруіңізді сұраса, сол соманы қарызға емес, сыйға беріңіз. Егер аз мөлшердегі қарызға сыйлық ретінде қарасаңыз, ештеңені күтпейсіз. Ештеңені күтпесеңіз, қарым-қатынас та бұзылмайды, мәселе де тумайды. Ал егер берген ақшаңыз қайтып келсе, жағымды бонус болады.
  • Қарызға теориялық тұрғыдан қоштаса алатын соманы беріңіз.
  • Қарызға алған ақшаны қайтарудың нақты мерзімін алдын ала шешіп алған дұрыс. «Қайтара алғанда қайтарасың» деудің қажеті жоқ, себебі бұл сөз қарызды қайтару мерзімін ұзартып жіберуі мүмкін. 

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
54 Пікір
Д
Динара 19.10.2021
2015 те жолдасымның досының әйеліне 300 мың алып бердім Каспий ден содан 6 ай жаусын төлеп тұрды ары қарай төлей алмады мен төледім сөйтіп жүріп сол күйі төлемей кетті ақыр мені қара тізімге салып қойды Каспий сосын 2017 де жұмысқа тұрдым сөйтіп ата анамнан қарызға 170 мың алдым сөйтіп несиемді жаптым ал әлгі әйел көшіп кетті бізге нақты мекен жайын айтпады кеше март айында 5 мың аударды август те 15мын аударды енді содан еш ақша бермеді
Жауап беру
М
Меруерт 12.06.2021
Былтыр күйеуім бір туысына қарызға қомақты сомма береді. Екі айдан кейін өзімізге ақша керек боп сұрап едік, басында ол ақшаны сендер былай бердіңдер деді сосын қай жерде, қашан қарызға сұрағанын, тіпті телефонымызға тыныштық бермей звондап сұрағанын естеріне түсірдік. Сосын не болды сонша? Қайтармасақ қайтесіңдер? Дымғы да жарата алмадық ол ақшаңды деді. Болып жатса көреміз деді. Жарайды деп сол сұрамағаннан жеті ай өтті. Енді баласын үйлендіріп той жасамақшы. Бізден қашады. Жарайды, алсын, жасасын. Бірақ, үп үлкен адамдар ғой! Қайта бізге үлгі болатын! Қарыздың күнәсі туралы исламда да қатты айтылған. Құдайдан қорқу керек! Адамнан ұялу керек қой!
Жауап беру
А
Анон 05.06.2021
Қарызды қайтармаған адамнан қалай заңды түрде алса болады.
Жауап беру
С
Самал 04.06.2021
Қарыз сұрайтын адамдар психологпа дерсің, қалай беріп қойғаныңды білмей қаласың. Содан кейін сені көрмегендей боп жүреді.
Жауап беру
С
Самал 04.06.2021
Қарыз сұрайтын адамдар психологпа дерсің, қалай беріп қойғаныңды білмей қаласың. Содан кейін сені көрмегендей боп жүреді.
Жауап беру
Қ
Қарыз алған адам қарызын түсіністікпен қайтаруы керек 03.06.2021
Қарызды шамасына қарай алу керек
Жауап беру
Д
Дүрия 03.06.2021
2млн ақшамды беріп 6жыл болды ала ашмай жүрмін Не істерімді білмеймін Мені ауру етті ол адамдар
Жауап беру
А
Ананимно 03.06.2021
Устинен арыз жазыныз,
Жауап беру
С
Сагила 03.06.2021
Енді не істеймін,бір АЛЛА жар болсын баршамызға пайдалы ақпарат екен алайда көмек беруші карыз беруші болудан кутылу өте қиын болып тұр. Карызыңды жинап алуды айтпағанда
Жауап беру
З
Зияда 03.06.2021
Енем марқұм қарыз күліп барып, жылап келеді. Жылап келген ақшаның берекеті, қайыры болмайды деуші еді. Қарыз бермеуге, алмауға тырысамын
Жауап беру
А
Айнур 03.06.2021
Акшан болмаган кезде алганы дурыс да бирак саудагерлер еки есе косып береди туф деп ишин ашиды ертен калай кайтарамын деп корген кимди корсен туф сизден неге алмадын деп каласын окинип жана карызга алып койдым гой ана киси еки есе косып саткан нес деп окинип каласын да
Жауап беру
К
Кулзипа 29.05.2021
Акша бар жерде туыс дос болмайт кереккезде берып алалмайтынымыз тагы бар сондыгтан карыз бермеген дурыс акша бар жерде береке болушымеды.
Жауап беру
Ж
Жанарбек 03.02.2021
Айтканыз дұрыс қосылам
Жауап беру
А
А 09.11.2020
Менинше карызга акша бермеген дурыс сиякты себеби ол адам саган каразын бергенше сенимен дурыс сойлеспей сенен алшактауы мумкин сен ол акшаны сурамасанда ол ынгайсызданып сенен алшактайды озим басымда отип жаткасын енди ешкимге крупный акша бермеймин деп шештим ал уак туйек сураса оны кайтармаса да ештене етпиди ондайды озим есептемимин
Жауап беру
Э
Эльмира 03.06.2021
Сол карызды алып алып сосын бермей журеди озиминин басымнан отип жатыр. Тоба ишеди дейди кыдырады бирак акша сурасан жок дейди
Жауап беру
А
Айгерім 29.10.2020
Пейнетпен тапқан ақшаң екенін өзіңнен басқа ешкім түсінбейді қазір. Сонда да жалынып сұрап тұрад
Жауап беру
А
Айгерім 29.10.2020
Менің картаға салған ақшамды айтпай алып қойған туыстарым бар. Бірақ амал жоқ ештеңе істей алмайм себебі жақынымғой. Негізі қарызға ақша алып, алғанын ұмытып кететін туыстарым көөөп екен менде.
Жауап беру
Г
Гульнара 29.10.2020
Карызды калай кайтаруга болады екен карыздан кутылгым келет
Жауап беру
А
Алия 19.10.2021
Балқия Балтабай бар ютубта соны оқыңызшы. Көмегі тиіп қалар. Менікі жәй кеңес.
Жауап беру
А
Айнұр 27.10.2020
Мен тумаласыма кредит алып бердім. Қазіргі таңда 1,5 жыл болды төлемейді. Мен оны қазір жек көрем. Тумаласым болмай кетсін.
Жауап беру
Г
Гулеке 26.10.2021
Пәленің бәрі туыстан келеді
Жауап беру
М
Майя 26.10.2020
Мен онда,ақшадан туыстықты жоғары қоя алады екенмін
Жауап беру
А
Алибек 26.10.2020
Меннен қарыз алған адам еш қайтармайжы мен сұрауға ұялып жүре берем. Жақынымыз таныысымыз звондаса қорқатын болдық
Жауап беру
М
Мөлдір 26.10.2020
Қарыз -арадағы сыйластықты кетіріп, сүйкімсіз адамға айналдырады. Сол себепті қарыз берудің қажеті жоқ
Жауап беру
Ж
Жанар 26.10.2020
Қарыз беріп,3,5 жыл болды ала алмай жүрміз. 2-млн деген сөз емес, 3-айда қайтарамын деп алып, қашып жүр. Не істеуге болады?
Жауап беру
26.10.2020
отпуск кезінде уйіне барып жатып алыныз
Жауап беру
Б
Балжан 25.10.2020
Карызга акша беру, улкен сабырлыкты талап етеди екен.
Жауап беру
А
Алтынай 25.10.2020
Алғанда толық алып, қайтарғанда қырық бөліп берген соң мүлде бермейтін болдым қарыз
Жауап беру
Е
Еркежан 25.10.2020
Оның артынан еріп мыиын жеп алу керек
Жауап беру
Ж
Жанна 25.10.2020
Менің жездем қарыз алғанда мыстанша алады. Сосын қайтаруды білмецді. Апкеме айтсам. Ой не болды соншама зарплатасы жетпей жатырма деп шығады. Өз ақшаңды өзің ала алмайсың.
Жауап беру
А
Айнагул 25.10.2020
Мен сонгы 3 ережени жасап журмин. Коп соммада карыз бермеймин. Умытылып кететиндей беремин. Немесе бермеймин. Сосын накты кай кезде бере алатынын сураймын. Уаделескен уакытта бермесе сураймын. Кешиктирген адамга келеси де бермеуге тырысамын.
Жауап беру
Д
Динара 25.10.2020
Оте дурыс айтасыз, сурасаң ренжиді
Жауап беру
Б
Бибигул 25.10.2020
Дурыс карыз беремиз көңілін қимай бірақ олар оны түсінбейді .Сұрасаң берем ғой деп бұлданады
Жауап беру
Қ
Құралай 24.10.2020
Дұрыс айтылған
Жауап беру
К
Карыз алып алады,кайтаруы кыйын болады маган келегенде 24.10.2020
Оте дурыс айтасыз
Жауап беру
Н
Нагима 24.10.2020
Қарыз бермесеңде ренжитіндерде бар.Көңілін қайтармайын бар ақшаны қалай жоқ деймін деп берсек уақытында қайтармағасын тағы ренжісу болады
Жауап беру
А
Айгүл 24.10.2020
Өте орынды айтылган толык келісемін
Жауап беру
Г
Гаухар 24.10.2020
Оте дурыс айтылган екен!
Жауап беру
Ж
Жансая 24.10.2020
Оте дурыс айтылган!Карызынды кайтармаса арактынаса жойылады
Жауап беру
Ж
Жансая 24.10.2020
Аракатынаста жойылады
Жауап беру
С
Сүйрік 24.10.2020
Негізі, дұрыс.
Жауап беру
Н
Нурия 24.10.2020
Оте дурыс айтылган екен
Жауап беру
Н
Назым 24.10.2020
Коллегама қарыз беріп ала алмай жүрмін Таразға қашып кетіп,қайтпай жүр.
Жауап беру
Ө
Өте дұрыс туыстар арасындағы қарыз қарым қатынасқа улкен әсерін тигізеді.. Осыдан біраз ай алдын Кореядағы ағамнан қоярда қоймай ақша алған едік, уй көтергенде біраз ақша жетпей қалып.. Ноябрь точна береміз деп. АЛ қазір екі ортада мен қиналып отырмын, жолдасым жұмысы ұқсамай ақша жиналмай жур. Ал ағам бізді кутіп сеніп отыр өзінің жоспары болған Декабрь да . Аллам жолымызды ашып сол қарыздан құтылсақ екен. Екі оттың арасында қиналып журмін. 24.10.2020
Аллам жолымызды ашып қарыздан ертерек құтылуды нәсіп етсін.
Жауап беру
В
Венера 24.10.2020
Сол карызды берип алып кайтып алалмай журмизго
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл