Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Ғиният Мемлекет басшысының VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында берген медициналық инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру туралы баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.
«Заң жобасында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормалар ұсынылды», - деді Ажар Ғиният.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне қатысты ұсынылған модель және олар міндетін тиісті атқармаған жағдайда жазаны жеңілдету алдымен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің жеке және қаржылық құқығын қорғаудың мүмкіндігі артады. Одан бөлек, медицина саласынан білікті мамандардың кетуін азайтуға бағытталып отыр.
Фото: aikyn.kz