Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайрат Беркінбаев: «Қазақстандық шипажайларға үлгі болғымыз келеді»
Жаңалықтар

Қайрат Беркінбаев: «Қазақстандық шипажайларға үлгі болғымыз келеді»

19.10.2022
мин
4
2326

Бүгін арнайы біздің портал үшін ҚР Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Беркінбаев Қайрат сауықтыру кешенінің жұмысымен таныстырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған бірнеше кеңесімен бөлісті.

Қазіргі таңда «Оқжетпес» брендімен танылған үш жипажай бар. Бірі, Бурабайдың қақ ортасында, Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Оқжетпес» шипажайы. Екіншісі, Алматы қаласындағы «Almaty resort» және Ресейдегі Ессентуки курорттық қаласында орналасқан «Қазақстан» шипажайы. Бүгін, әсіресе, Бурабайдағы көпке танымал «Оқжетпес» кешені туралы сөз қозғағымыз келеді.

Емдеу-сауықтыру кешені жылына неше адамға медициналық қызмет көрсетеді?

Біздің кешен жыл бойы қызмет көрсетеді, 173 демалушыға арналған нөмірлік қоры бар. Жылына шамамнен 10 мыңнан астам қонақтарды қабылдайды. Шипажайдың басты мақсаты - медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасынан бөлек, қызмет көрсету деңгейін жоғары сапада ұсыну. Бізге тек ем алуға емес, сонымен қатар жаны мен тәніне тыныштық сыйлайтын сауығу демалысын аңсап келеді. Сондықтан, шипажайдағы оңалту және сауықтыру бағдарламасынан бөлек, төрт жұлдызды қонақ үй мәртебесіне сай сервисті де жоғары сапада көрсетуге ерекше көңіл бөлеміз.

Естуімше, сіздерде медициналық рәсімдерден бөлек халықтық ем де қатар жүреді екен...

Иә, халықтық емге – қымызбен емдеуді жатқызуға болады. Бұл дәстүр 2002 жылдан бері келе жатыр, күнде таңертең Қарабауыр ауылынан балғын күйінде алып келеді. Қымызды қырық ауруға ем деп текке айтпайды, сондықтан әр қонағымызға күніне бір рет беріледі. Онымен қоса, шөптен жасалған шайларды ішіп, киіз үйдің ішінде күй тыңдап, демала алады. Әрине, оның барлығы емделушіге дәрігердің тексеруінен өтіп барып қана тағайындалады.

Шипажай десе, еске бірден аты көпке танымал шетелдік шипажайлар түседі. Біздің елге де сауықтыру демалысына туристердің көбірек келуі үшін не істеу керек?

Осы салада жүрген маман ретінде айтатын болсам, біздің елде сауықтыру демалысына қызығушылық танытып жүрген адамдардың саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Оған дәлел, күнделікті сұраныс. Ондай сұраныс тек бізде емес, Қазақстандағы курорттық аймақтарда орналасқан барлық шипажайларда бар деп ойлаймын. Біріншіден, олардың да дамып, туристік орталыққа айналуы үшін – сапалы қызмет көрсете алуымыз керек.

Біздің кешен 2019 жылы Eurospa (Еуропалық стандарт) нұсқасы бойынша үздік шипажайлар қатарына кірді. Орталық Азия өңірінде Eurospa халықаралық сертификатын алған алғашқы шипажай болды. EuropeSpa стандарттары медициналық және сауықтыру индустриясындағы ең талапшыл стандарттар ретінде белгілі. Мысалы, 2014-2019 жылдар аралығында Еуропаның 13 елінен тек 26 кешен Spa Wellness сертификаттауынан өтті.

Екіншіден, емдеу-сауықтыру кешенінің орналасқан аймағы да үлкен рөл атқарады. Мәселен, біз климатобальнеологиялық шипажаймыз. Қарағайлы орманның экологиялық таза ауасы, Балпаш-сор көлінің емдік балшықтары және Май балық минералды суы, пантотерапия, радонотерапия, "Құлагер-Арасан" минералды суы – мұның барлығы бір жерде жинақталған. Одан бөлек, өзіміздің меншікті бұлақтың радонды суы да бар.

Табиғи факторлармен қатар заманауи емдеу-диагностикалық базамен жабдықталған. Жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу органдарының, тірек-қимыл аппаратының кең ауқымды ауруларын емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

Сервис, қызмет көрсету деп қалдыңыз. Емдеу-сауықтыру кешенінің жұмысы да бизнестің бірі түрі. Кәсіпке қызығушылығы бар оқырмандарымызға қандай кеңес айта аласыз?  

Біздің шипажай Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының мекемесі. Емдеу және сауықтыру сөздері қатар жүргендіктен, біз бірінші кезекте денсаулықты нығайтуға арналған кешенбіз. Бұл дегеніміз, сервистен де жоғары орында келушілердің денсаулығы. Одан бөлек, біздің басшылық қызмет көрсету сапасы мен материалдық жабдықтардың толық қамтылу жағына ерекше көңіл бөледі. Екінші тұсы, бізде ISO 9001:2015 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент жүйесі енгізілген, сертификаттау ТЮФ СЕРТ неміс компаниясымен жүргізілді. Енді басты приоритет – денсаулық болғандықтан, бизнес деп дөп басу қиын. Дегенмен, оның тәсілдерін жұмыста пайдаланамыз, сондықтан, өз тарапымнан кеңес те бере аламын.

Бірінші кеңес – дұрыс жүйеге қою. Бір жүйе бойынша жұмыс істесеңіз, сізге де, қызметкерлерге де оңай. Әрқайсысы өз қызметін нақты білуі керек. Екінші, қызмет көрсету сапасы. Сіздің ұсынатын қызметіңіз бен оны пайдаланатын клиентіңіздің арасында дұрыс коммуникация болу керек. Ол байланысты орнататын сіз бен сіздің командаңыз. Барынша ашық болыңыз, кері байланысты тыңдай біліңіз, қабылдай біліңіз. Негізі айта берсең, кеңес көп. Бірақ жүйелеу мен ашық бола білу, меніңше, қазіргі заманның сұранысына сай маңызды дүниелер.

Көп рақмет!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Ө
Өте тамаша орманының ішіндегі шипажай. 20.10.2022
Жамиля
Жауап беру
Ш
Шолпан Балтабаева. 20.10.2022
Керемет! Біздін Қазақстанымыздағы ең бір тәбиғаты тамаша, сымбатты да сұлу, ертегі жеріміз, Сері-сал ақындарымыз өлең-жырларында айтулы айтып өткен Бурабай, Сексен көлдің бойыңдағы”Окжетпес” емдеу-сауықтыру кешені халықа арналған. Себебі “Денсаулық -зор байлық”- деген ұлағатты сөз бар, халқымызда. Дені сау халық-еліміздің байлығы! Кележатқан мерекеміз 25 қазан - Республика күні құтты болсын! Жаңа Қазақстан баянды болсын!
Жауап беру
Г
Гульнара 20.10.2022
Ең әдемі қасиетті жерде орналасқан шипажай. Көрсетілетен еміде, ұсынылған сапасыда жоғары деңгейде
Жауап беру
О
Омар Ахметов 20.10.2022
Тамаша шипажай!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл