Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жәмила Бақбергенов Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы күрестен Азия чемпионатында бірінші орын алды.
Финалда Бақбергенова жапониялық Сумире Ниикурамен күресіп, 5:1 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
"Бұл біздің палуандарымыздың Азия біріншілігінде алған үшінші алтын медалі. Осыған дейін Эльмира Сыздықова мен грек-рим стилінің балуаны Ибрагим Магомадов Азия чемпионы атанды", – деп жазды мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта белдесті. Бұған дейін ол 2020 және 2022 жылдары Азия чемпионатында жеңіске жеткен.
фото: ашық дереккөзден