Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістерін Dauletten.kz сайты оқырман назарына ұсынады.
Мәнерлеп сырғанау: Астанада өткен мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирінде ерлер арасында Қазақстандық Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер арасында Софья Самоделкина екінші орынға ие болды.
Дзюдо: Тәжікстан астанасы Душанбедегі жастар арасындағы әлем чемпионатында Азат Күмісбай (81 кг) мен Талғат Орынбасар (60 кг) қола медальдарына ие болды.
Құзға өрмелеу: Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі Әлем кубогінде күміс жүлдегері атанды.
Триатлон: Түркістан қаласында ұйымдастырылған триатлоннан Азия кубогінде Қазақстан командасы 7 медаль еншіледі.
Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында мәресіне жеткен таэквондодан әлем чемпионатында қазақстандық үш спортшы 2 күміс, 1 қола медаль олжалады.
Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өткен жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 1 сағат 7 минут 54 секунд.
Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.