Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Қазақстан қаржылық мәселелерін қалай шешеді?" деген басты сұрақ талқыланып, негізгі шешімдер ұсынылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Салық – бюджеттің басты кіріс көзі болғандықтан, осы салада бірқатар проблемалар анықталды. Мәселен, өткен жылы республикалық бюджетке 12,3 триллион теңге салық жиналғанымен, бұл жоспарланған көрсеткіштен төмен болды. Ал жоспар орындалған жағдайда да, бюджет шығындарының өсу қарқыны кірістерден әлдеқайда жылдам. Бұл жағдай бюджет тапшылығының артуына, сонымен қатар Ұлттық қорға түсетін қысымның күшеюіне әкелуде.
Осыған орай, Үкімет қосымша құн салығын (ҚҚС) толық жаңғыртуды жоспарлап отыр. ҚҚС мөлшерлемесі 20%-ға дейін арттырылып, оған ілінудің шегі 15 миллион теңгеге дейін төмендетілмек. Бұл өзгерістерден кейін ҚҚС төлеушілердің ауқымы қазіргі 4%-дан 60%-ға дейін ұлғайып, бюджетке кемінде 7 триллион теңге қосымша кіріс түсуі мүмкін. Бұл қаржы Ұлттық қордан алынып жүрген ресурстарды толықтыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан фискалды қатаң саясатқа көшуде. Өйткені мемлекеттік қаржы мен қарыз жағдайы күрделене түскен, ал экономикада стагнациялық белгілер байқалады. Мемлекеттік шығындарды қысқарту және ресурстарды тиімді басқару арқылы елдің даму жолына түсуі көзделуде.
Экономикалық сарапшылар отырыста қабылданған шешімдерге оң баға беріп отыр. Патернализм мен масылдық көзқарастар азаюы қажет, ал жиналған ресурстардың әділ үлестірілуі қоғам тарапынан ерекше бақылауда болады. Бұл жағдайды жаңа қоғамдық келісім деп атауға болады.
Үкімет бұл шараларды мүмкіндігінше тезірек іске асыруы керек. Ол үшін Парламент жұмысының популистік сипаттарын азайтып, тиімді шешім қабылдау жүйесіне көшу жоспарлануда.