Қазақстан банктері алаяқтардың жиілеп кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Kaspi.kz, Сбербанк, Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банк, ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банк, Еуразиялық банк, «Альфа-Банк Қазақстан» алаяқтар тарапынан шабуылдың жиілеуіне байланысты азаматтарға ескерту жасады.
Қазіргі кезде алаятықтың бірнеше әдісі бар. Олар:
Қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Күдікті операциялар туралы айтып, клиент шотынан ақша аударуға қажетті мәліметтерді алуға тырысады. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды, жаңа құпиясөзді және SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айтуды сұрайды. Бұл мәліметтер арқылы алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып, тіпті оның атына ақшалай несие рәсімдеуі мүмкін.
Қоңырау шалып, клиент шотынан ақша ұрлануы қаупі барын, қаражатты жедел түрде «қосымша шотқа», «сақтандыру агентіне», «сақтандыру ұяшығына» т.б аудару керегін айтады. Аңыздар әртүрлі болуы мүмкін, бастысы – клиент қаражатын басқа шотқа аударуға көндіру. Кейбір жағдайда алаяқтар арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен банк нөмірінен қоңырау шалған болады немесе ұқсас нөмірден қоңырау шалады.
Пошта немесе мессенджерлерге қайырымдылық акциясы, ерекше қаржылық қызметтер, жүлделер ұтысы және т.б шаралар туралы ақпарат таратады. Оларда жеке мәліметтерді енгізуге және банктік операцияларды жасауға арналған сілтемелер болады. Адам карта мәліметтерін енгізген сәтте алаяқтар ақша шешіп алады. Сондай-ақ сілтемеде алаяқтарға сіздің қосымшаңызға кіруге мүмкіндік беретін вирустар болуы мүмкін.
Қоңырау шалып басқа біреудің сіздің жеке кабинетіңізге кіруге талпынып жатқанын айтып, қауіпсіздік үшін қосымша жүктеп алуды ұсынады. Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефоныңызға кіруге мүмкіндік береді. Одан кейін сіздің атыңыздан қоңырау шалып, қаржылық операцияларды жасауы мүмкін.
"Алаяқтар қоңырау шалған жағдайда тұтқаны қойыңыз. Шоттағы ақшаңыздың орнында екеніне көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса банктің колл-орталығына қоңырау шалыңыз. Жеке мәліметтерді, CVV/CVC-кодты, картаның нөмірі мен жарамдылық мерзімін ешкімге айтпаңыз", - деп ескертеді банк мамандары.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде анкеталық сауалдар мен ұтыс ойындарын таныстырып, сілтеме жіберетін алаяқтар көп. Десе де, сілтемелер арқылы сіздің жеке деректеріңізді алып, картаңыздағы ақшаға қол сұғатын фишинг әдісі де белең алуда. Сол себепті түрлі сілтемелер мен анкеталарды толтырмаған абзал.
Его легко использовать через торрент. Нет необходимости определять, в том, что называется peers, игры на компьютер скачать бесплатно moreigr.org Sid, а также перелопачивать макеты с помощью adobe photoshop. Мы объясним, как выглядят предлагаемые из них позже, главное для нашей компании - знать, как наполнить себя торрент-фильмами, аудиофайлами, телешоу, а также событиями раньше, чем все остальные, если это более удобно. В сопроводительных документах мы подробно разберем, как использовать нас для загрузки изображений, ну а затем прослушаем загруженные композиции из фильмов.
Вы намерены оформить документ в томске? На сайте вы получите возможность купить документ о полученном, среднем или начальном образовании, купить диплом колледжа И сертификаты за 11 или 9 и другие документы на официальном бланке. Они заполнены в соответствии со стандартами. Перевозка в томск предоставляется бесплатно и без внесения предоплаты. Наши специалисты подробно расскажут вам о выборе, способах транспортировки и расчете.
Алдында апкеме звондап Сиздин счетыныздан биреу 50000 аударып жатыр билесиз бе мен ескертип жатырм деген содан апкем балам шыгар деген. олар баласынын номерин сураган.Апкем берсе баласына звондап дал солай деген саскалактап карта номерин айтып койган. Счеттагы 160 000 тенгесин аударып алган. Банкке барса ешкандай шара кормеген. Бундай сумдыкты токтатуга банктердин шамасы жок!
Негізі алаяқтармен сыбайлас көп банк қызметкерлері , сол ушін әр бір клиент сақ болғаны дұрыс, мен басымнан өткен соң айтып отырмын, бірде счетыма аударылған ақшаны ала алмай 10 кун жугіргенім бар, ал ақша маған 10 кун алдын аударылған, банк қызметкері өзі пайдаланып, кейін қайта орнына қойған
Банк кызметкери акпарат бермейди. Олар акпаратты соцсеттен алып, ал калганын сизден танталы. Оларда психолог сиякты сенимге кирип алдайды. Егерь Иа мен кредитке бердим заявка немесе ив перевод жасадым десениз ештеме истемей да. Акпаратты банктин озинен алам деп сойлемпеу керек