Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан - электр қуатына тапшы ел
Жаңалықтар

Қазақстан - электр қуатына тапшы ел

20.12.2022
1 мин
0
550

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр қуатының тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан биткоин өндіруден әлемде үшінші орында тұрғанына қарамастан, елде электр энергиясы тапшы. Бұл неліктен", - деп сұрады журналист брифингте.

Ақшолақов таңғы және кешкі уақытта электр желілерінде тапшылық барын мойындады.

"Ұлттық желілерде жақында 16,5 гигаваттан астам қуат жүктеме болды. Генерация - 15 800. Үлкен ағындар пайда болғаны анық. Бұл ағындар әдетте Ресей мен Орталық Азия жүйесімен жабылады", - деді министр.

Оның айтуынша, жүйеде өндіріс пен тұтыну арасында айырмашылықтар болған кезде апаттық режим іске қосылып, тұтынушыларға шектеулер енеді.

Ол барлық майнинг фермалар қызметі нормативтік құжаттардың жаңа талаптарына сәйкестендіріліп, бақылауға алынғанын түсіндірді.

"Кімде-кім тіркелмеген болса ол заңды бұзған болып саналады. Біз халықты электр жарығынан ажыратпаймыз. Жарықты өшіру мәселе шешілмей бара жатқанда қолданылатын соңғы шешім. Бірінші кезекте ірі кәсіпорындар өшіріледі", - деп қосты министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл