Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.
“Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді”, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, “Отбасы” банкі еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы “Отбасы банкі” АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
“Отбасы банкі” еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.