Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияға қосылуды көздейді
Жаңалықтар

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияға қосылуды көздейді

16.10.2024
мин
0
95
Сурет: almaty.kgd.gov.kz

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына (OECD Anti-Bribery Convention) қосылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің делегациясы Асхат Жұмағали басшылығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.

Іс-шарада мемлекеттік және жеке сектордағы адалдық, мүдделер қақтығысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа құралдары талқыланды. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу, цифрлық шешімдер және активтерді қайтару бойынша күш-жігерін таныстырды.

- Қазақстан халықаралық келісімдер кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды сатып алуға қарсы күрес бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Конвенциясына қосылуды жоспарлап отырғанын атап өту қажет, - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, конвенция мемлекеттік аппарат пен қоғамда адалдық қағидаларын енгізу, құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау, заңсыз активтерді қайтару мәселелерінде ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді және шетелдік құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимылға негіз қалайды.

Шетелдік лауазымды тұлғаларды сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенция — бұл жаһандық бизнес операцияларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды мақсат еткен халықаралық келісім. Оның мақсаты — халықаралық коммерциялық мәмілелердегі парақорлықты болдырмау және жазалау. Конвенцияға қатысушы елдерден іскерлік операцияларда шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге тыйым салатын заңдар енгізу талап етіледі. Сондай-ақ, конвенция бұл міндеттемелердің орындалуын тексеру жүйесін қамтиды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл