Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 12 мыңнан астам адам банкроттыққа өтініш берген. Еске салайық, өтінімдерді қабылдау 3 наурызда басталған болатын деп хабарлайды Dauletten.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ал Астана қаласында 697 адам банкроттыққа өтініш беріп, соттан тыс банкроттыққа арыз жазған.
Қарызды өтеудің аталмыш түрін борышы 5 млн 500 мың теңгеден аспайтын азаматтар таңдай алады. Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздың соңғы 12 ай төленбеуі және борышкердің мүлкі болмауы шарт. Соттан тыс бонкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен келісімшарт болуы тиіс. Өтініштер eGov порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Арызды қарастыруға 15 жұмыс күні кетеді. Арызына берілген жағдайда, 3 айдан кейін қайта өтініш беру мүмкіндігі бар.
Фото: Aikyn.kz