Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда оқушылар ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқиды.
Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаеваның айтуынша, қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдау нәтижесі 1-сынып оқушысына бір мезгілде үш тілді үйрену қиын екенін көрсеткен.
"1-сыныпта бала жас ерекшеліктеріне сәйкес, ана тілінде тыңдауды, оқуды, сауатты жазуды, өз ойын айтып үйренуі өте маңызды. Осылайша, қазақ мектептерінде 1-сыныпта балалар тек қазақ тілін үйренеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерге келетін болсақ, онда орыс және қазақ тілдері оқытылады. Ағылшын тілі 3-сыныптан басталады", - деді Тыныбаева.
Ведомство өкілі осы жаңалық туралы ақпаратты растады.
"Иә, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқушылар шет тілін 3-сыныптан бастап оқиды. Бұған дейін үш тіл (қазақ, орыс және ағылшын) мектеп бағдарламасына 1-сыныптан бастап енгізілген еді", - деді БҒМ баспасөз қызметі өкілі.