Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат депутаттары "Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Баланың құқықтары туралы" заңға сәйкес жаңа түзетулер бойынша "тәлімгерлік ұйым" ұғымы енгізіледі.
- "Баланың құқықтары туралы" заңға тәлімгерлік ұйым ұғымы енгізіліп отыр. Бұл түзетулер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, тәлімгер болғысы келетін адамдардың міндетті түрде тәлімгерлік бойынша оқудан өтуі талап етіледі. Бұдан бөлек, тәлімгерлік бойынша оқытуды ұйымдастыратын ұйымдардың құқықтары мен міндеттері айқындалады, – деді Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.