| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда баспана саудасы артты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 28 493 мәміле тіркелді. Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен (27 421) 3,9%-ға жоғары. Деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Мәмілелер саны бойынша көш басында ірі қалалар тұр: Алматыда – 6 428, Астанада – 4 924, ал Қарағанды облысында – 2 258 келісім жасалған.
Жалпы мәмілелердің басым бөлігі пәтерлерге тиесілі. Наурызда 22 542 пәтер сатылып, бұл барлық келісімдердің 79,1%-ын құрады. Соның ішінде бір бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары болып, 8 510 мәміле тіркелген.
Ал жеке тұрғын үйлер сегментінде керісінше төмендеу байқалады: мәмілелер саны 3,4%-ға азайған.