Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарға арнайы орталық құрылады
Жаңалықтар

Қазақстанда сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарға арнайы орталық құрылады

07.03.2024
1 мин
0
500
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен және «University Medical Center» КҚ басқарма басшысы Юрий Пямен орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Кеңестің шеңберінде сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды.

Министрлік соңғы 3 жылдың ішінде денсаулық сақтау саласындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен белсенді ынтымақтастықта болды және орфандық, онкологиялық, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды қымбат дәрілік заттармен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті, балалар нейрохирургиялық қызметін, трансплантаттауды, инфрақұрылымды және оңалту орталықтарын дамыту және т. б. бойынша 12 жоба мен бағдарламаны бірлесіп іске асыруда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысына өмірлік маңызды жобаларды іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен және «Ақсай» университеттік балалар клиникасымен бірлесіп, «University Medical Center»КҚ базасында орфандық аурулары бар балаларды емдеуге бірыңғай кешенді тәсілді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанда қымбат тұратын медициналық қызметтер мен науқастардың осы санаты үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орфандық орталық құру туралы шешім қабылданды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл