Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық банкі "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары (қазіргі курспен 66 673 теңге) бөлінді. Барлық балаға төленген жалпы сома - 888,8 миллион АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.
Балаларыңыздың шотындағы қаражаттың бар-жоғын kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН-ін енгізу арқылы тексеруге болады.
Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында "Ұлттық қор – балаларға" бастамасын көтерген болатын. Бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген.