Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 1 ақпанға дейін ақша түседі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Нақты сомасы әлі белгісіз. Қаржы министрлігінің және БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы толықтыру 2024 жылдың соңына дейін туылған барлық сәбиді ескере отырып жүргізіледі. Өткен жылы алғашқы жарна 1 ақпанда түскен болатын. Бұл кезде 6,9 миллионнан астам бала 100 доллардан алды. 2024 жылы бағдарламаға қатысушылардың шоттарына 695,5 миллион доллар есептелмек.
- 2007 жылы туылған адамдарға нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есептеу 2025 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін, - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.