Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті.
12 тұлпар бақ сынаған бұл жарыс осы маусымның дебюттік бірінші топтық бәйгесі ретінде барша әлемнің назарында болған ойын.
Тұлпардың иесі Тілек Мұқанбетқалиев Кабирханды көрген ат сыншылары оны 100 жылда бір туатын тұлпар деп бағалағанын айтады. Тоғыз рет бәйгеге шауып, соның сегізінде бірінші, тек біреуінен екінші келген Кабирханға ат ұстаушылардың назары бірден ауған.
«Кабирханды сат дегендер көп болды. Ресейден де сұрады. Бірақ келіспедік. Қанша ұсынғандары құпия болып қалсын. Ең көбі 1 миллион доллар берді, сатпадым», дейді аттың иесі.
Сондай-ақ Тілек Мұханбетқалиев АҚШ-тан 12 долларға алынған Кабирханның өзін баяғыда-ақ ақтап тастағанын жасырмады. Жарыстарға қатысқан сайын оның рейтингі өсіп жатқанын жеткізді.
«Біраз жүлде ұтты. Өз-өзін ақтап қойған. Ресейде 5,5 миллион рубль ұтты. Теңгеге шақсақ, 27 миллион теңге. Ал Дубайда 126 мың дирхем жеңді. Енді оны курспен есептесек, 35 мың АҚШ доллары», – деді Тілек Мұханбетқалиев.
Алда Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.