Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар теңгелік депозиттер бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, 16 наурызда теңгелік салымдар бойынша өтемақыны (сыйлықақыны) есептеу үшін қаражат екінші деңгейдегі банктерге түскен.
«Өтемақы төлеу рәсімі аяқталғанын хабарлаймыз. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың соңғы тізімін алып, оларды төлем операторына берді. Алдағы күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды», - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ банктерге ақша аударғаны хабарланды. Жіберілген қаражаттың жалпы сомасы 306,6 миллиард теңгені құрады. Мемлекеттен 10 пайыздық сыйлықақы төленетін салымшылардың саны 2 миллион 615 мың 772 адамды құрады.
Ережеге сәйкес, екі жұмыс күні ішінде (2023 жылғы 20 наурызды қоса алғанда) Екінші деңгейдегі банктер тиісті өтемақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.
Салымшыларға өтемақыны есептеу туралы толық ақпарат алу үшін депозит ашылған банкке жүгіну қажет.
фото: nur.kz